07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №190

324 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 ақпан,  Астана қаласы Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республи­касының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-44) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов _________ 2015 жылғы 10 маусым «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.С. Школьник _______ 2015 жылғы 2 маусым Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін актарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №190 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-44) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленген және азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен Жанар-жағармай материалдары қызметі (бұдан әрі - ЖЖМ қызметі) қамтамасыз етеді, бұлар азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты бар жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым болып табылады. 3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) азаматтық әуе кемелеріне орталықтандырылған отын құю жүйесі (бұдан әрі - ООЖ жүйесі) - технологиялық құбыр жолдардың бойымен және отын құю агрегаттары арқылы стационарлық сорғылардың көмегімен азаматтық әуе кемелерінің бактарына резервуарлардан отын беруге арналған құрылыстар мен технологиялық жабдық кешені; 2) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – авиа ЖЖМ) - авиациялық техниканы пайдаланған кезде қолданылатын отындардың, майлардың, жағармай мен арнайы сұйықтықтардың барлық маркаларының жалпы атауы; 3) авиаЖЖМ сапасы - авиаЖЖМ қасиеттерінің осы материалдардың нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарды қанағаттандыру қабілетін айқындайтын жиынтығы; 4) авиаЖЖМ қоймасы - азаматтық әуе кемелеріне отын құю үшін авиаЖЖМ-ды қабылдайтын, сақтайтын және беретін ғимараттар, құрылыстар, қондырғылармен жабдық кешені; 5) тауар астындағы су - жанар-жағармай материалдарын тұндыру нәтижесінде резервуарларда жинақталатын су. 2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі 4. Азаматтық авиация ұйымдарының күнделікті мұқтажын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ авиаЖЖМ-ның резервтік мөлшерін жасау үшін резервуарлардың саны мен мөлшерін ЖЖМ қызметі айқындайды. 5. Азаматтық әуе кемелерін қамтамасыз ету кезінде ЖЖМ қызметі: 1) пайдалануға рұқсат етілген және азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілген; 2) сәйкестік сертификаты бар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттауға жататын авиаЖЖМ үшін) авиаЖЖМ-ды пайдаланады. 6. Азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілмеген авиаЖЖМ-ды пайдалану азаматтық әуе кемелерін шығарушылармен және олардың конструкторларымен келісім бойынша жүзеге асырылады. АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады. 7. АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт жасасу кезінде өнім беруші мынаған: 1) жеткізілетін авиаЖЖМ маркасының техникалық регламенттер мен стандарттардың, өндіріс ерекшеліктері мен технологиясының талаптарына сәйкестігіне; 2) сапасына өндіруші кепілдік берген және авиаЖЖМ-ның сапасы мен мөлшерін растайтын құжаттамасы бар авиаЖЖМ жеткізуге; 3) тасымалдау кезінде, сондай-ақ авиаЖЖМ-ды алушыға дейін әртүрлі көлік құралдарымен кешенді түрде тасымалдаған жағдайларда авиаЖЖМ сапасын сақтау және оның басқа ЖЖМ маркаларымен араласып кетуін болдырмау жөніндегі талаптардың сақталуына; 4) авиаЖЖМ-ды тасымалдауға әдейі дайындалған және арналған көлік құралдарымен ыдыстарды пайдалануға; 5) шығару, сақтау және тасымалдау үдерісінде авиаЖЖМ сапасының осы авиаЖЖМ маркасын алған және пайдаланған кезде авиациялық техника жұмысының сенімділігіне әсерін тигізуі мүмкін қасақана немесе абайсызда нашарлау жағдайының туындағаны және анықталғаны туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттемеге кепілдік береді. 8. Азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құю рейстердің нөмірлері, үлгілер және борт нөмірлері, ұшып шығу уақыты мен олардың әрқайсысына арналған авиаЖЖМ мөлшері көрсетіліп, жоспарлы тәулікке дейін бір тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде авиакомпанияның уәкілетті өкілінен түсетін ұшудың тәуліктік жоспары негізінде жүзеге асырылады. АвиаЖЖМ-ға арналған өтінімдер ЖЖМ қызметіне беріледі. 9. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ тізбесін авиациялық техниканы әзірлеуші немесе шығарушы зауыт белгілейді. Азаматтық әуе кемелерінің үлгілері бойынша пайдаланылатын авиаЖЖМ маркалары азаматтық авиация саласындағы нормативтік-техникалық құжаттармен, азаматтық әуе кемелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен, азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентімен) айқындалады. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтар номенклатурасы осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген. Әуежайларда азаматтық әуе кемелеріне отын құю нормативтік құжаттарға сәйкес және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы мен құюға авиаЖЖМ беруді жүзеге асыратын ЖЖМ қызметінің арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. 10. Азаматтық әуе кемелеріне отын құю ООЖ жүйесі арқылы, сондай-ақ арнайы көлік құралдары: отын құйғыштарды, май құйғыштарды, отын құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. 11. Ұшудың тәуліктік жоспарындағы азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құюды ұйымдастыруға әсер ететін жедел өзгерістердің барлығы азаматтық әуе кемелері өзгерген жоспар бойынша ұшып келгенге немесе ұшып шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын арнайы көлік қызметінің диспетчеріне хабарланады. 12. Азаматтық әуе кемелеріне отын құюдың жеделдігін қамтамасыз ету үшін отын құю бригадасының жеке құрамы отын құю орындарына тікелей жақын орналасқан әрі радио және телефон байланысымен жабдықталған үй-жайларға орналастырылады. Арнайы көлікте (отын құйғыш, май құйғыш, отын құю агрегаттары) радиобайланыс орнатылады. 13. Кезекті резервуарды қосардан бұрын және әр ауысымның басында ЖЖМ қызметінің авиаЖЖМ технигі шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуын тексереді. Шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуы тексерілгеннен кейін әр резервуар бойынша тарату журналындағы «АвиаЖЖМ технигінің судың болуын тексергені туралы қорытындысы және қолы» деген бағанда «АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылау нәтижелері қанағаттанарлық. Беруге рұқсат» деген жазу жазылады. Әр резервуар бойынша тарату журналының нысаны осы Қағидаға2-қосымшада айқындалған. 14. Арнайы көлік құралдарын азаматтық әуе кемелеріне отын құюға жіберуді кезекті ауысымның басында ЖЖМ қызметінің маманы арнайы көлік қызметінің механигімен (бригадирімен) бірге жүзеге асырып, арнайы көлік құралдарына рұқсат беру журналына белгі қояды. Отын құюға жіберілген арнайы көлік құралдары туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарланады. 15. Арнайы көлік құралдарын (отын құйғыштарды, май құйғыштарды) әрбір толтырған сайын ЖЖМ қызметінің маманы авиаЖЖМ-ның тазалығын тексереді, азаматтық әуе кемелеріне отын құюға рұқсат беру туралы бақылау талонына белгі қояды және бұл туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарлайды. 16. Арнайы көлік құралдарының (отын құйғыштың, май құйғыштың, отын құю агрегатының) азаматтық әуе кемелеріне отын құюға шығуы арнайы көлік құралы қызметі және/немесе ЖЖМ қызметі диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. 17. Азаматтық әуе кемесіне отын құю оның қозғалтқыштары тоқтағаннан және бактардан тұрып қалған қалдық төгілгеннен кейін азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтары мен бағдарламаларына (регламенттеріне) сәйкес жүргізіледі. Отын құю басталғанға дейін азаматтық әуе кемесі тірек қалыптарымен нығайтылып, бекітіледі. 18. Арнайы көлік құралдарының азаматтық әуе кемелеріне жақындап келуін және оларды орнатуды ЖЖМ қызметінің осыған рұқсат етілген мамандары жүргізеді. Азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде авиаЖЖМ-мен қамтамасыз ету объектілерін техникалық пайдалану жөніндегі талаптар мен өрт қауіпсіздігі қағидалары сақталады. 19. Отын құюды бастамас бұрын азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік - авиациялық техниканың авиатехнигі): 1) бақылау талоны бойынша - отын құюға рұқсатты, арнайы көлік құралдары нөмірлерінің талонда көрсетілгендермен сәйкестігін, құюға берілген авиаЖЖМ-ның және судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың сәйкестігін, отын құйғыштардан отынның тұрып қалған қалдығы төгілген күні мен уақытын және оның тазалығын; 2) тұйықтау құралдарының және отын құю құралдары мен азаматтық әуе кемелерінің әлеуетін теңестіруге арналған құрылғылардың сенімділігі мен жарамдылығын; 3) отын құятын жерде бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын; 4) отын құйғыштар дөңгелектерінің астына тірек қалыптарының орнатылуын тексереді. Тексеру аяқталған соң азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюға кірісуге рұқсат береді, отын құю режимін, сондай-ақ бактардың топтары бойынша бөле отырып, құюға арналған авиаЖЖМ-ның нақты мөлшерін көрсетеді. 20. Азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюды, азаматтық әуе кемесіне құйылған авиаЖЖМ-ның іс жүзіндегі мөлшерінің ұшуға арналған тапсырмада көрсетілген мөлшеріне сәйкестігін, авиаЖЖМ-ның азаматтық әуе кемесінің бактары мен отын және май жүйесінің топтарына дұрыс бөлінуін, судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. 21. Арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчері азаматтық әуе кемелерінің үлгілері мен нөмірлері бойынша құйылған авиаЖЖМ-ның мөлшерін тіркейді және ЖЖМ қызметінің уәкілетті адамдарына әрбір азаматтық әуе кемесіне отын құюдың аяқталғаны туралы хабарлайды. 22. Азаматтық әуе кемесінің багынан авиаЖЖМ-ды төгу авиакомпанияның өтінімдері бойынша жүргізіледі. Өтінім арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне беріледі. Төгу авиаЖЖМ-ның әрбір маркасына әдейі бөлінген, төгілетін отынның мөлшерін өлшеу құралдарымен жабдықталған отын құйғыштарға жүргізіледі. Азаматтық әуе кемесінің бактарынан авиаЖЖМ-ды азаматтық әуе кемелеріне отын құюға арналған отын құйғышқа төгуге жол берілмейді. 23. Бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю азаматтық әуе кемелерінің ұшып шығуының кідіруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары сақталған кезде орындалады. Мыналар бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде: 1) өртке қарсы автотехниканың қосымша санын тарту; 2) азаматтық әуе кемесінің барлық есіктерін ашып тастау өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары болып табылады. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасына 1-қосымша Қазақстан Республикасының АА ӘК пайдаланылатын авиациялық отындардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың номенклатурасы Өнімнің атауы Өнімнің маркасы МемСТ (мәтіні бойынша) 1 2 3 БЕНЗИНДЕР Авиациялық бензин Авиациялық бензин Авиациялық бензин Өндірістік-техникалық мақсатқа арналған бензин Б-70 Б-91/115 Б-92 Нефрас-С50/170 ТШ 38.101913 МССТ 1012 ТШ 38.401-58-47 МССТ 8505 АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИНДЕР Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын Газтурбиналы қозғалтқыштарға арналған авиациялық отын ТС-1.РТ, Т-1.Т-2 Джет А-1 (Jet A-1) МССТ 10227-86 МССТ Р 52050-2003 АВИАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР Авиациялық май “Боинг” “А-310-300” Авиациялық май Май Авиациялық май Авиациялық май Май қоспасы (75% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П+25% об МС-20) Синтетикалық май Синтетикалық май Синтетикалық май Синтетикалық май Авиациялық май Топса майы Гипоидты берілістерге арналған май Май қоспасы (50% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П-|-50% об МС-20) Май қоспасы (67% об ТСгип -f33% об АМГ-10) Майқоспасы (25% об МС-8П, МС-8РК немесе МК-8П-|-75% об МС-20) Майқоспасы (50% об ТСгип -)- 50%обАМГ-10) Жағар май МС-14 ЕТО 2380, MJ02 Mobil Jet Oil II МС-20 МК-8П МС-8П МН-7,5У СМ-4,5 ВНИИНП-50-1-4ф ВНИИНП-50-1-4у Б-ЗВ Лз-240 ИПМ-10 ВНИИНП-25 Тсгип СМ-8 СМ-9 СМ-11,5 50/50 132-08 МССТ 21743-76 СР2442 MIL-L-23699 МССТ 21743-76 МССТ 6457 ССТ 38.01163-78 ТШ 38.101722-85 ССТ 54-3-175-72- 99 МССТ 13076-86 ТШ 38.401-58-12-91 ТШ 38.101295-85 ТШ 301-04-010-92 ТШ 38.1011299-90 МССТ 11122 ТШ 38.01260 - - - МССТ 18375-73 ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ Жұмыс сұйықтығы Жұмыс сұйықтығы Жұмыс сұйықтығы Гидросұйықтық Жұмыс сұйықтығы АМГ-10 НГЖ-4, 4у НГЖ-5у SKYDROL500B4 FH-51 (АМГ-10) МССТ 6794 ТШ 38.401891 ТШ 38.401-58-57-93 - MIL-L-5606 КОНСЕРВАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР МЕН ТҰНБАЛАР Консервациялық май Консервациялық жұмыс майы Тұнба К-17 МС-8РК АКОР-1 МССТ 10877-76 ТШ 38.1011181-88 МССТ 15171-78 ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Пластикалық жағармай Баяу балқитын жағармай Бензинге төзімді ЦИАТИМ-201 Mobil 28 Aeroshell 22 ЦИАТИМ-203 ЦИАТИМ-221 Пушечная (ПВК) НК-50 БУ АМС-З ГОСТ 6267-74 MIL-PFR-81322 MIL-PRF-81322 МССТ 8773-73 МССТ 9433-80 МССТ 19537 ТШ 38.01355 МССТ 7171 жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай Жағармай ВНИИНП-207 ОКБ-122-7 Эра (ВНИИНП-286М) Сапфир (ВНИИНП-261) Атланта (ВНИИНП-254) ВНИИНП-246 ВНИИНП-282 МССТ 2712 МССТ 19774-74 МССТ 18179 ТШ 38.101950-2000 ТШ 38.1011051-87 ТШ 38.1011048-85 МССТ 18852-73 ТШ 38.1011261-89 БАСҚА ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ Форвакуумды сорғыларға арналған май Төмен температуралы сағаттық май Аспап майы ВМ-4 НИИЧП-МН-60У МП-601 МССТ 23013 ТШ 18-2/19-76 ТШ 38.101787-79 ПАСТАЛАР Паста Паста Паста ВНИИНП-225 ВНИИНП-232 ПФМС-4с МССТ 19782-74 МССТ 14068-79 ТШ 6-02-917-79 АРНАЙЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР Мұздануға қарсы сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Техникалық этилцеллозольв Тетранидрофурфурилді спирт Сұйықтық Сұйықтық Мұздануға қарсы сұйықтық Техникалық этил спирті Синтетикалық этил спирті Техникалық ректификатталған этил спирті Этил спирті (басты фракция) Ректификатталған этил спирті (тағамдық шикізаттан) «Арктика» Арктика ДГ Арктика-200” Жидкость “И” ТГФ ТГФ-М И-М Type I, Type II, Type IV A ТШ 6-00-5763445-10-89 ТШ 2422-003-26759308-2005 ТШ6-00-5763445-5-88 МССТ 8313-88 МССТ 17477-86 ТШ 6-10-1457 ССТ 54-3-175-73-99 Классификация А.Е.А. МССТ 17299-78 МССТ 11547 МССТ 18300-87 ССТ 18.121-73 МССТ 5962 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР Арнайы сұйықтық концентраты Техникалық жуу құралы CT-2 Вертолин-74 ТШ 38.101318-77 ТШ 38.10960 Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасына 2-қосымша Резервуар бойынша тапсыру журналы Ауысымды қабылдап-тапсыру ЖЖМ атауы Резер-вуар нөмірі Резер-вуардағы ЖЖМ деңгейі, см Резер-вуардағы ЖЖМ мөлшері, л Пас-порт нөмірі Есептеуіш көрсеткіші Берілген ЖЖМ мөлшері Судың болуын тексеру туралы ЖЖМ технигінің қорытындысы мен қолы қабыл-дау кезін-де тап-сыру кезін-де Резер-вуардағы өлшем бойынша Есепте-уіштер бойынша Журналдың барлық бағандары толтырылғаннан және берілген ЖЖМ мөлшері жазылғаннан кейін қол қойылады: Тапсырды ______________ (қолы) Қабылдады _____________ (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11677 болып енгізілді.