26 Қаңтар, 2011

Бас хатшының мәлімдемесі

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы М.Иманәлиев кеше Пекин қаласынан Мәскеудің Домодедово әуежайындағы лаңкестік әрекетке байланысты мәлімдеме жасады. Мәскеудің Домодедово халықаралық әуежайындағы лаңкестік әре­кет туралы хабарды аса терең ашынумен қабылдай отырып, ешқандай жағ­дайда ақтауы жоқ осы жабайы қылмысты кесімді түрде айып­таймын. Қаза болған және жарақат алған адамдардың отбасылары мен олардың жақындарына, Ресей Федерациясының халқы мен басшы­лы­ғына шынайы аяушылығымыз бен көңілімізді білдіреміз, делінген Бас хатшының мәлімдемесінде. М.Иманәлиев сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер лаңкестіктің кез келген түрі мен көріністеріне бірінші кезекте маңыз беріп, алдағы кезеңдерде де өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде өзінің іс-қимылын жан-жақты нығайтатынын және кеңейтетінін атап көрсетеді.