Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Назарбаев Университетте ұйымдастырылған «Зияткерлік Қазақстан» тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Алқалы жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік танымал ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, ғылым саласындағы қазақстандық сарапшылар қатысып, орамды ойларын ортаға салды.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың отандық ғылымның әлеуетін өсіруге айрықша мән беретіндігін атап өтті. «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттер экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын құрумен байланысты екеніне баса назар аударды. Және де, ол жаңа технологиялық деңгейге шығу үшін экономиканың әрбір саласы инновациялық қадамдарды қажет ететінін жеткізді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы бүкіл әлемде жаһандық бәсекелестікті құрайтын жоғары білікті мамандарға және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, жаңа технологияларға деген сұраныстың бар екеніне тоқталып өтті. Ол 2010 жылдан бастап Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша өз позициясын жақсартып келе жатқанын жеткізді. Айталық, 2015 жылы «Инновациялық әлеует» көрсеткіші бойынша 31 позицияға, ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы мен инновация бойынша 29 позицияға, ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік көрсеткіші бойынша 21 позицияға көтерілген болатын.
Дөңгелек үстел барысында үш панельдік сессия өтті. Онда отандық ғылымды одан әрі дамытудың және қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерін ілгерілетудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында Мемлекеттік хатшы зерттеудің ішкі ресурстарын дамытудың маңыздылығына, шетелдік ғалымдарды, соның ішінде, шетелде ғылыми жұмыстарымен танымал қазақстандық ғалымдарды белсенді тарту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Бүгінде елімізде ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер құрылған. Олар – Назарбаев Университеттегі «Астана бизнес кампус» және Алматыдағы «Алатау» технопаркі. Нақты өндірістік жобаларды іске асыру үшін кластерлер базасына жоғары технологиялық компаниялар, сондай-ақ, шетелдік компаниялар да тартылатын болады.
Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға қазақстандық ғылымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37