14 Мамыр, 2016

Американың бірнеше штаттарында

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ет-1біздің салтымызға негізделіп ет асыла бастады Қазақтың ұлттық тағамы – ет асуды дәріптеген америкалық қыз Грейс Гарет әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Аталмыш акцияны «Америкалықты етпен сыйла!» деген атпен Алматыдағы АҚШ консулдығы ұйымдастырған еді. АҚШ-тың алматылық кеңсесі бастаған «ет асу» акциясы Амери­ка жерінде жалғасын тауып, әлемдік желі қолданушылардың қызығу­шылығын тудырып отыр. 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орыс тілі мамандығы бойынша дәріс алған Грейс Гарет есімді қыз өз еліндегі Портлэнд шаһарында ел алдында ет асып, қазақ халқының ұлттық тағамының әзірленуін тамашалауға келген жұртты бір тойдырды. «Сіздер Алматы қаласында білім ала отырып, өзінің Қазақстан туралы қызықты видео-блогымен, түрлі сұхбаттарымен таныс болған Грейс есімді студент қызды әлі ұмыта қоймаған боларсыздар. Міне, сол Грейс АҚШ-тың Алматыдағы консулдығы ұйымдастырған «Аме­рикалықты етпен сыйла!» акция­сын мұхиттың арғы жағында жал­ғастырып отыр», деп жазады кон­сулдықтың Фейсбуктегі парақ­шасында. Ресми кеңсе қызметкерлері атал­мыш акцияны Американың өзге де штаттарында жалғастыруды ұсы­нып, осы арқылы қазақ халқы­ның тұрмыс-салты мен мәдениетін насихаттауды үндеп отыр. Қазірдің өзінде америкалық интернет қолда­нушылар бұл ұсынысқа қызу қолдау көрсетуде. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ