14 Мамыр, 2016

«Теңізде» жер қыртысы тербелді ме?

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150928083303Атырауда «Теңіз» атауы берілген ең ірі кеніш бар. Оның қойнауы мұнай мен газ қорына толы болғанмен, өте тереңнен өндіріледі. Дәл осы кеніштің жерасты қыртысында 3,9 балдық тер­белістің тіркелгені анықталып отыр. Жерасты дүмпуі 8 мамырға қараған түнде білінген. «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-нің жедел ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 8 мамырда Астана уақытымен 1 сағат 27 минутта (7 мамырда Гринвич бойынша 19 сағат 27 минутта) эпиорталығы Теңіз кенішінің аумағында жер сілкінісі тіркелген. «Эпиорталық координаттары: 45.99 градус солтүстік ендікте, 53.97 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық сыныбы K=8.5» делінген хабарламада» деп жазады жергілікті «Ақжайық» газеті. Жергілікті табиғат жанашыры, академик Мұфтах Диаровтың, со­ны­мен бірге, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметтеріне қара­ғанда, Атырау облысының аумағы, сондай-ақ, Каспий теңізінің акваториясы да Рихтер бағанымен 6 балға дейінгі магнитудада жер сілкінісі болуы мүмкін жер қыртысы теліміне кіреді. Бұған Каспий теңізіндегі «Қашаған», «Қайран», «Ақтоты», «Королевское» және «Теңіз» тұзасты кеніштері де жер қыртысының тектоникалық белсенді телімдеріне орналасқанына назар аударылады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ