14 Мамыр, 2016

Жас суретшілер тартуы

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ғылым Ордасының» көрме залында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен  Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы аясында «Тарих қанатында» атты жас суретшілердің көрмесі ашылды. Сұңғыла өнердің көрмеге қойылған барлық туындыларын жасаған – алматылық жас суретшілер. Мақсат – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, ға­сыр­лар толқынындағы біздің ұлан-байтақ жерді мекен еткен халықтардың татулық-бірлігін қыл қалам тілімен көркемдеп жеткізіп, көпшіліктің назарына ұсыну. – Көрменің бүгінгі келбетін қалып­тастыруға жас суретшілермен бірге біздің педагог-ұстаздарымыз, кі­тап­ханашылар, шығармашылық топтар көп көмек берді, – деді археоло­гия­лық музейдің меңгеру­шісі Роза Бектөреева. Алматы қаласы таяу мезгілде өте­тін өзінің 1000 жылдық мереке­сін той­лауға дайындалып жатыр. Сол күні шаһарымыз ЮНЕСКО-ның қызыл бояу­мен белгіленген күндерінің көшін бастамақ. Жас суретшілер маңызы зор мереке қарсаңында алматылықтарға осындай зор сый жасады.  Қымбат ТОЙЛЫБАЙ, журналист  АЛМАТЫ