14 Мамыр, 2016

«Лирадан» төнетін қауіп бар ма?

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы қаласында Энер­­гетика министрлігінің құзы­рына кіретін Ядролық физика институты жұмыс істей­ді. Бұл институт 1957 жылы халқымыздың біртуар ұлы, академик Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған екен. Республика аумағында оның үш мекемесі бар болса, соның бірі кеншілер қаласы – Ақсайда орналасқан. Бұл нысан «Лира» деген атауға ие. Бұған дейін жергілікті тұрғындар оны радиациялық сәуле таратады деген ойда болып келгені жасырын емес. Екіншіден, олар кезін­де осындай қауіпті деп санала­тын әрі атқаратын қызме­ті көпшілікке түсінік­сіз­деу нысанның қандай қа­жеттілігі бар деген ұсы­ныс-пікірлерін де қоса біл­дірген болатын. Көпші­лікті толғандырып, әрі алаң­­датып келген осындай сауал­­дарға Орал өңіріне кел­­ген сапары кезінде газет тіл­­шісіне Ядролық физика инс­­титутының бас директоры Саянбек Сахиев тиісті жауаптар қайтарды. Оның түп-төркіні төмендегідей. Яғни, оның мәлімдеуінше, аталған институттың бас­ты мақсаты радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және реакторлық зерттеу­лер жүргізуге бағытталған. Сонымен бірге, институт жанында кешенді экологиялық зерттеулер орталығы жұмыс істейді. Бар болғаны осы ғана. Мұнда тұрған ешқандай құ­пия жоқ. Тіпті, келемін, көре­мін деген азаматтар үшін біз­дің институттың да, «Лира» нысанының да есігі қашан да ашық, деді ол. Ядролық физика институты бас директорының сөзінен тағы бір ұққанымыз, биыл «Лираның» құрылғанына 18 жыл толып отыр екен. Осы уақыт аралығында мұнда адам өміріне қауіп туғызатындай теріс экологиялық көріністер тіркелмепті. Институт басшысы алдағы уақытта да мұндай жағдайлар орын алмайтынына сенім арта алады. Ендеше, лайым да солай бола берсін демекпіз. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы