14 Мамыр, 2016

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде (фото)

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АСТАНА. 14 мамыр. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Комиссия отырысының алғашқы сөзін Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев алып, жиынның мақсаты мен атқаратын жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, еліміздегі Жер кодексінің кейбір тұстары осы отырыста қайта қаралып, комиссия мүшелері өз ойларын ашық айтуға, ұсыныс беруге құқылы. «Біз комиссия отырысында Қазақстанның ұлан-байтақ жерін көзінің қарашығындай сақтаған халықтың көкейіндегі мәселені айтып, шешілу жолдарын қарастырамыз. Рас, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, экономикасымызды ілгерілету бүгінгі күннің өзекті мәселесі», – деді комиссия төрағасы. Айта кетейік, жиын барысында еліміздің қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, министрлер мен Парламент мәжілісінің депутаттары өз ойларын айтып, жер мәселесіне байланысты ұсыныстарын білдірді. Талғат Райымбеков. Дерек, фото: egemen.kz.