АСТАНА. 14 мамыр. Ұлттық музейде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысының алғашқы жұмысы аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Комиссия отырысында төраға, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Жер реформасы жөніндегі жиынның алғашқы жұмысы аяқталғанын мәлімдеді.
«Комиссияның кезекті отырысы алдағы аптаның сенбісінде болады. Келесі жиында жерді сату мәселесін қарастырамыз. Сондай-ақ, біз комиссия мүшелерін төрт топқа бөліп, жүйелі жұмыс жасауды бастаймыз. Ең алдымен атқаратын жұмысымызды бағдарлап, нақты шешімдер қабылдап алайық. Сосын өңірлерді аралап, халықпен кездесуді бастаймыз. Бүгінгі жиынның басында түрлі пікірлер, қарама-қайшы ойлар, талас-тартыс, түсініспеушіліктер орын алды. Дегенмен, бәріміздің тілегіміз де, жүрегіміз де айналып келгенде қазақтың қасиетті жерін қорғауға ниетті екенімізді аңғартты. Бір бірімізді жүрекпен түсіндік. Өзімнің атымнан сіздерге алғыс айтамын. Осындай отырысқа арнайы уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге», – деді комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен қатар, төраға алғашқы отырыстың соңында қатысушылардың түйінді пікірін сұрап, ұсыныстар беруді айтты.
Жиын соңында сөз алған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев комиссия отырысына 150-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқанын жеткізді.
«Өздеріңіз көріп отырғандай осы жиынды 150-ге жуық ақпарат құралдарының өкілдері бақылап, халыққа ашық әрі шынайы жеткізуде. Қазақстандықтар осыдан-ақ отырыстың біржақты емес екенін, ауқымы кең екенін аңғаратын болады», – деді министр.
Айта кетейік, бүгінгі шарадан еліміздегі барлық республикалық телеарналар мен газеттердің және түрлі сайттардың журналистері жедел ақпарат таратты.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: egemen.kz.
• 14 Мамыр, 2016
Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы аяқталды

Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 22:45
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27