Сараптама • 12 Маусым, 2024
Бала тәрбиесі: Ата-ана неге алаңдайды?
Бала тәрбиесі мен ұрпақ болашағы – ата-аналарды алаңдататын басты мәселенің бірі. Ақпарат ағыны мен технологияның заманында ұрпақ тәрбиесіне терең мән беру өзекті екені даусыз. Осы тақырыпта әлемнің жетекші зерттеу орталықтары өз есептерін жариялап келеді. Бүгінгі мақалада IPSOS (Institut Public de Sondage d’Opinion Secteur) ұсынған «Болашақта не болады: бала тәрбиесі» (What the future: parenting) атты бала тәрбиесіне қатысты есебін ұсынамыз. Есепте бүгінгі және келешектегі ата-аналардың нені қалайтыны, бала тәрбиесіндегі жаңа үрдістердің талдауы ұсынылады.
Саясат • 12 Маусым, 2024
Реформаның үштағаны: жасампаздық пен жаңғыру жолы
Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Жүйке жүйесі сыр берген науқастарды қоғам қалай қабылдайды? Мүсіркемей қолдау көрсете ме, әлде үрке қарай ма? Дәрігерлер мен саланы зерделеп жүрген мамандар осы сауалдың жай-жапсарына үңілді.
Руханият • 11 Маусым, 2024
Газет бастауында тұрған Мұхамеджан Сералиннің қалай жазғанынан беймәлімбіз. Ал осы басылымның тағы бір басшысы Бейімбет Майлиннің маңдайына түскен қою шашын саусақтарымен шиырлап, түнгі терезеге жанарын жасқана қадап қойып, сүйкектетіп отырғанын елестетеміз. Сыртта үрей кезіп жүр, қағынан заманның сұсы жаман. Көбіне алаң көңілін жазумен басқан екен, жарықтық, естеліктерден білетініміз солай. Сонда да қандай құқайға қармастан өздері ашқан «Ауыл» (бүгінгі облыстық «Қостанай таңы») газетін шығарудан айнымаған ғой. Сол арыстардың жалғасы – кейінгі ағаларымыз қалай жазды екен деген таңсық сұрақ, міне, жүз екі жыл бедерінде де еліктіріп қоймайтыны несі екен?
Саясат • 11 Маусым, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Душанбеде (Тәжікстан) өткен «Су – тұрақты даму кепілі: 2018-2028 жылдар» әлемдік іс-қимыл онжылдығына қатысты ІІІ халықаралық конференцияда сөз сөйледі.
«Таза Қазақстан» • 11 Маусым, 2024
«Қоқысты сыйлыққа айырбаста»: Белсенділер ауқымды акция бастады
Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы бірлесіп «Қоқысты сыйлыққа айырбаста» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Құрбан айт-2024: Қарағандыда құрбан шалатын орындар анықталды
Биыл Құрбан айт 16 маусымда басталып, үш күнге созылады. Қарағандыда құрбан шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Қостанайда бір күнде екі бала суға батып кетті
Қостанай облысында суға бату бойынша бір күнде екі оқиға тіркелді, деп жазады Egemen.kz Қостанай облысының ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Маусым, 2024
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әйел қатаң жазаланды
Өскемен қаласының №2 сотында алкогольдік масаң күйде көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгені үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Маусым, 2024
Алматыда әкімдік пен президент резиденциясына шабуыл жасағандар сотталды
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаппай тәртіпсіздіктерге, күзетілетін объектілерге шабуыл жасау және оларды басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолданды деп айыпталған 11 сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz соттың Telegram парақшасына сілтеме жасап.