Ғалам ғажаптары • 17 Маусым, 2025

Кактус – табиғи сүзгі

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«NASA» агенттігінің зерттеуінше, кактустың бөлмедегі зиянды заттарды сіңіріп, ауаны тазарта алатын қасиеті бар.

Кактус –  табиғи сүзгі

Кактус формальдегид, бензол, аммиак сияқты көзге көрінбейтін зиянды газдарды бойына сіңіреді. Тіпті жапон ғалымдары оның электрмагниттік толқындарды әлсі­рететінін анықтаған. Яғни монитор, «Wi-Fi», интернет құрылғыларының жанында тұратын кактус ауаның иондалуын азайтып, экологиялық ахуалды жақсартады.

 

Дайындаған –

Айым КҮЗЕМБАЙ,

ЕҰУ-дың 3-курс студенті