Саясат • 10 Сәуір, 2020
Ел ертеңіне сенімімізді нығайтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індеті мен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты жарияланған «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын ел қатарлы мен де байыппен оқып шықтым.
Саясат • 10 Сәуір, 2020
Бар адамзат қазір әлемде қысылтаяң кезеңді бастан өткеруде. COVID-19 вирусының аяқастынан таралып, бар әлемді шарпып кетуі қай тұрғыдан да оңай тиіп жатқан жоқ. Осындай қиын сәтте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақала жариялап, Қазақстан халқын демеп, оны береке-бірлік пен сабырға шақырды.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
Бір болайық, іргеміз сөгілмесін!
Коронавирус індеті әлемді қармап тұр. Адамзатқа қауіп төне бастады. Өркениетті деген алып мемлекеттер жанталаса коронавируспен күресуде. АҚШ, Италия, Франция, Германия сияқты мемлекеттер қыруар қаржы бөліп, тосыннан келген індетпен күресіп жатыр.
Тарих • 10 Сәуір, 2020
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 15 сәуірдегі «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тәжік-ауған учаскесіндегі сыртқы шекарасын қорғауды күшейту туралы» Қаулысына сәйкес жауынгерлік міндеттерін орындау кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен Ішкі әскер, бүгінгі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері туралы қалам тербеу бүгінгі жас ұрпақ үшін де, ертеңгі Отан қорғаушылар үшін де қажет.
Руханият • 10 Сәуір, 2020
Жауынгерлік даярлыққа нұқсан келмейді
Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға қатысты іс-шараларға әскерилер де қатысып, нысандарды дезинфекциялап, блок-бекеттерде кезекшілік атқарып жүр. Ал әскери қызметшілердің қауіпсіздігі, сонымен қатар Қарулы Күштер жауынгерлік қабілетті болу үшін не істеу керек? Бұл сұраққа еліміздің Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев төмендегіше жауап берді.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
Қазіргі таңда еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты қабылданған шараларды өз деңгейінде жүзеге асыру басты міндет болып тұр. Осы орайда Қарулы Күштер тарапынан да нақты жұмыстар атқарылуда.
Саясат • 10 Сәуір, 2020
Барлығымызды сабырлы болуға шақырды
«Egemen Qazaqstan» газетінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Аталған мақалада жазылғандай, тәуелсіздік жылдары, еліміздің ең қиын және сыни кезеңдерінде Елбасы өз ойын үнемі ашық талқылап, халықпен бөлісіп отырды. Қазіргі уақытта коронавирус пандемиясы таралуы бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп, әлемнің көптеген мемлекетін әбігерге салып, ұлтымыздың денсаулығына қауіп төндірген кезде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жақсылық пен аман-саулық тілеп, барлығымызды төзімділікке және сабырлылыққа шақырды.
Руханият • 10 Сәуір, 2020
«Махаббат әнін гүлдерге жазамын...»
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, Халықаралық Түркі поэзиясы мүшәйрасының лауреаты, көптеген жыр мүшәйрасының жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері, сөздің парқын да, нарқын да түйсінетін қалың жұрты бүгінде «Ақмаржан жыр» деп еркелете атайтын ақын қызы Баян Бекетованың шығармашылық әлемі туралы ойымды білдіруді жөн көрдім.
Руханият • 10 Сәуір, 2020
Елбасымыздың даналығына таңғалудан жалығар емеспін. Бұған оның осынау халыққа мақаласымен танысу барысында тағы да көз жеткізіп отырмын. Қиын тарихи кезеңдерде халқымыздың ауызбіршілігі, ынтымағы мен достығын көріп отырып мұнымен қалай келіспеуге болады.
Таным • 10 Сәуір, 2020
Мен Бекенді – Бекен Ыбырайымды ең алғаш рет сыртынан Қазақстан Жазушылар одағы бас кеңсесінің фойесінде көрген болатынмын. Құдай қаласа, міне, биыл көктемде жетпіс дейтін жетелі аға жастың қырқасына көтерілгелі отырған республикамызға кеңінен мәлім әдебиет сыншысы, прозашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық Ш.Айтматов атындағы академияның академигі Бекен Бекмұратұлында ол кезде, әрине жоғарыда аталған айбынынан ат үркетін атақтардың бірі де жоқ еді, ол бар болғаны өзінің барша үміті мен арманын болашағына арқалатқан отыз жастағы жас әдебиет сыншысы-тын.