Спорт • 27 Сәуір, 2020

Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айында коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізетін болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді

«Бірінші турнирге төрт ер және төрт әйел спортшы  қатысуға шақырту алады. Іріктеу кезеңі 1 мамыр күні басталып, 9-17 мамыр күндері ойын өтеді. Жарыс жеңімпазы 1000 швейцариялық франк, ал жүлдегерге 500 швейцариялық франкке ие болады. Жарыс мобильді телефоннан тікелей эфирде түсіріліп, федерацияның YouTube каналы пен Facebook парақшаларында тікелей эфирде трансляция жасалады. COVID-19 індетіне байланысты халықаралық федерация күнтізбесіндегі барлық жарыстар тоқтатылды. Қазіргі жағдайға қатысты садақ атудан физикалық тұрғыда шілдеге дейін ешқандай турнир болмайды», - делінген World Archery хатында.