Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19821 материал табылды

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Түркі тілдері неше әліпби нұсқасын қабылдады?

Түркі тілдерінің ішінде түрік жазуы 1928 жылы, әзербайжан 1991 жылы, өзбек, қарақалпақ, түркімен жазулары 1993 жылы латын әліпбиіне көшті.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Атырау: 5 бағытты қамтитын волонтерлер штабы құрылды

Атырауда Азаматтық орталық базасында құрылған волонтерлер штабы 5 бағытты қамтитын болды.

Экономика • 31 Наурыз, 2020

Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Бразилия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификацияланды

Қазақстан Бразилиямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 31 Наурыз, 2020

Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификацияланды

Қазақстан Бразилиямен адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 31 Наурыз, 2020

Атыраудағы ахуал

Компания көрсеткен көмек Атырау облысындағы ірі инвестордың бірі – «Теңіз­шев­ройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді. Компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері дене қызуы өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал кеңсе қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режіміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады. – Біздің компанияның есебінен бөлінген 1,3 мил­лиард теңгеге медициналық құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді. Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау – Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды, – деді компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Руханият • 31 Наурыз, 2020

Сөз қасиеті – ем қасиеті

«Ауру кірді – әлек кірді» деген нақылды қазіргі біздің елдегі ғана емес, әлемдегі жағдайға қатысты айтуға болады. Қарап отырсаңыз, ақылға салып, ғаламдық індеттің алдын ал­ғандар да, жоспарлы, жүйелі іс қамдағандар да жетер­лік. Сонымен бірге даурық­қандар да, дүрмекке қосы­лып шапқандар да, дүбірді көрген­дер де, оған ергендер де көп.

Таным • 31 Наурыз, 2020

Қажығұмарды қайтеміз?

Жарықтық, 2011 жылы 15 ақ­пан­да атақты Шәуешек қала­сында дүниеден озды. Оның қас­терлі есімін қағазы арзан, түсі бөтен, жазуы төте мына кітап әредікте бір есіме салып қояды. Әр-әр тұсына қолмен ұзын-қысқа, жарым-жарты парақшалар қосылған. Мұны істеген адам парақшаларды жанын жапырақтап отырып жапсырғандай әсерде қалдырады. Бірақ төте жазуды танымағандықтан басқа кітаптар орнын сан рет ауыстырса да, оның сөредегі орны еш өзгерген емес. Тек кей-кейде адасқан қаздай қаңқылдап, мазаңды алатын секілді көрінеді. Көзің түскенде авторының орнына, кітабына амандасқандай алағызасың.

Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

308 науқас: Нұр-Сұлтанда тағы бес жағдай тіркелді

00:10-дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тағы 6 адам, Ақмола облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Нұржан Жанпейісов пен Арман Жүдебаев онлайн концерт өткізіп жатыр

Коронавирус індетінің таралуына және елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мәдениет және спорт мекемелері онлайн кеңістікті игере бастады. «Карантиндегі жұлдыздар» жобасының бүгінгі қонақтары - Нұржан Жанпейісов, Арман Жүдебаев және Нүркен Әшіров.