Қоғам • 18 Сәуір, 2020

Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.   

 

Карантиндегі өңір тұрғындарына коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады

Төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

-1, 2, 3 топ мүгедектері;

-мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көпбалалы отбасылар;

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;

-мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

-төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 

-атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер. 

 

Төлемді қалай алуға болады?

 

Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беру керек.