Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19840 материал табылды

Бокс • 12 Наурыз, 2020

Бокс: Бекзат Нұрдаулетов алтын медаль олжалады

Иорданияның бас шаһары - Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық мұхиты аймағы турнирінің финалы өтіп жатыр.

Бокс • 11 Наурыз, 2020

Бокс: Әбілхан Аманқұл күмісті қанағат тұтты

Амманда бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, екінші қазақстандық боксшы ақтық сында сүрінді.

Бокс • 11 Наурыз, 2020

Бокс: Зәкір Сафиуллин финалда өзбек боксшысынан жеңілді

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Закир Сафиуллин Амманда өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу турнирінде екінші орынға ие болды.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Германияның бас консулы Кристиана Маркерт Түркістанға келді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Германия Федеративті Республикасының бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті. Тараптар екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ облыс басшылығы қонақтарды өңірдің экономикалық және туристік әлеуетімен таныстырды.

Спорт • 11 Наурыз, 2020

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VIIІ қысқы универсиаданың салтанатты ашылуы өтті

Салтанатты ашылу рәсіміне Риддер қаласы әкімінің орынбасары Дүйсембаев Данияр Бекқазыұлы, Қазақстан Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы және Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директорының орынбасары Садықов Сағдат Кәбірұлы қатысты.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында - Берік Уәли

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Шымкент: Маусым айында Цитадель қамалының ашылуы жоспарланып отыр

Биыл маусым айында Шымкент қаласының басты туристік нысанына айналады деп жоспарланып отырған Цитадель қамалының ашылуы жоспарлануда. Осы орайда Қазақстанның туристендіру картасының ТОП-50 нысанына енгізілген «Ескі қалашық» кешенінің шебер-жоспары әзірленбек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев мәлімдеді.

Әлем • 11 Наурыз, 2020

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Божокқа сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Отандық мақтаны қайта өңдеу үлесі 3 есеге ұлғаяды

Биылғы ақпанда еліміздің жеңіл өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 12,4% өсті. Оның ішінде тоқыма бұйымдары 11,9%, киім-кешек 9,7%, былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 11,8% өсім байқалды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

Мемлекеттік кірістер органдарының 2019 жылғы қызметі қорытындыланды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарының 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтті.