Әлем • 26 Наурыз, 2020

Қазақстандықтар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен оралуда

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен біздің отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті. Осылайша, 13-25 наурыз аралығында біздің 127 отандасымыз Доминикан Республикасынан, Мексикадан - 4, Панамадан - 3 және Коста-Рикадан үш азамат оралды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен оралуда

«Аталған мемлекеттер халықаралық әуе қатынастарды тоқтату мен шетел азаматтарына халықаралық әуежайлардағы транзиттік аймақтардан шығуға тыйым салуларына байланысты бірқатар қиындықтар орын алған болатын. Аталған кедергілерге қарамастан, Мехико мен Мәскеудегі біздің дипломаттарымыздың үйлесімді әрекеттерінің арқасында көптеген ҚР азаматтарын Мәскеу арқылы транзитпен Қазақстанға аман-есен жеткізу жұмысы сәтті ұйымдастырылды.

Қайтып оралған азаматтар Мексикадағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлеріне олардың мәселелерін және туындаған қиындықтарды шешуде тәулік бойы көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51