Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палестинаның Жоғарғы судьясы, Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Доктор Махмұд Седки Әл-Хаббашпен кездесті. Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады және Газа секторындағы гуманитарлық ахуал жөнінде пікір алмасты.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру мен терең өңдеу жөніндегі инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Жастар бірлігін де, ірілігін де көрсетті
Түркиядағы Афьон қаласында қазақ студенттері арасында футболдан жарыс өтті. Оны Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Бірлік» қазақ жастары ұйымы ұйымдастырды.
Саясат • 02 Желтоқсан, 2025
Бағаны тұрақтандыру жұмысының нәтижесі
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы әрі желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралды.
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көрнекті ақын, Мемлекеттік гимннің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Менің елім – жыр елі!» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Қазір бүкіл қазақ даласы Жұмекеннің сөзімен көз іліп, сонымен оянады. Әнұранға айналған сөзі мен өлеңдері арқылы. Ақынға, әсіресе алматылықтардың да ықыласы зор.
Аймақтар • 29 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде өңірлерде халықты үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз ету үшін энергетикалық, сондай-ақ коммунальдық секторларды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, осының аясында көптеген іс-шара өткені белгілі. Кеше осы шаһардағы салтанатты жиында атаулы жыл қорытындыланды. Оған ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті сала өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым қатысты.
Пікір • 29 Қараша, 2025
Өмір сапасын көтеру – басым бағыт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Алғаш рет 2,5 мың ауыл әкімі Астанада бас қосты. Форум бүкіл басқару жүйесін біріктірді.
Саясат • 29 Қараша, 2025
Саяси жүйені жаңғыртудың жаңа кезеңі
Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері мен ауыл әкімдерінің басым көпшілігі қатысқан кездесу осындай ауқымды құраммен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Президент • 29 Қараша, 2025
Ауылдың даму бағдары – мемлекеттің стратегиялық міндеті
Кеше Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындады, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды.