
Саясат • 18 Желтоқсан, 2024
Еліміз өзін әлемге таныта білді
Қазақстанның сыртқы саясаты қазір өте жақсы дамып келеді. Оны көп мемлекеттер жоғары бағалап жатыр. Дамыған, дамып келе жатқан мемлекеттер арасында өзінің орнын, мүддесін көрсетіп, танытты. Халықаралық аренадағы ірі саяси ойыншыларға да «қыр көрсетіп» қойды.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2024
Көпвекторлы саясаттың жемісін көріп отырмыз
Қазақстан өзінің геосаяси, географиялық жағдайына, орналасуына, экономикалық әлеуетіне, одан кейін, әсіресе, белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты Орталық Азияда, тіпті жаһандық аренада маңызды рөл атқарып жүр.
Білім • 18 Желтоқсан, 2024
Қазақстан инженерлік білімнің жаңа дәуіріне аяқ басты
Еліміздің ғалымдары мен инженерлерінен құралған топ кадр даярлаудағы интеграциялық үдерісті зерделеу үшін Оңтүстік Кореяда болды. Мамандар алғашқы сапарында корейлердің машина, автомобиль жасау бойынша кәсіптік оқытуды қалай ұйымдастыратынын көріп қайтты. Ал екінші сапар құрамында Теміртау, Рудный қалаларының индустриялық университеттері мен Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері, сондай-ақ «ERG» және «Qarmet» қызметкерлері бар делегация металлургия саласындағы озық тәжірибемен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 18 Желтоқсан, 2024
«ISSAI KAZ-LLM» үлкен тілдік моделі әзірленді
Nazarbayev University-дің (NU) Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) зерттеушілері оқу орнында өткен брифингте нейрондық желі негізінде әзірленген «ISSAI KAZ-LLM» қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды. Бұл жоба – отандық жасанды интеллектінің әлемдік аренадағы ықпалдастығын арттырудағы маңызды кезең саналады. Қысқаша айтқанда, қазақ тіліндегі «ChatGPT»-дің негізі деуге келеді.
Аңдатпа • 18 Желтоқсан, 2024
20 желтоқсан - Ертегілер елінде Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұ.Ахметовтің «Смурфиктердің бастан кешкен оқиғасы» ертегісі ұсынылады. Режиссері – Ұ.Ахметов.
Егемен Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2024
«Егемен Қазақстан» – ел шежіресін жазған 105 жыл
Биыл қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толып отыр. Бұл – ғасырдан астам уақыт ішінде еліміздің рухани-мәдени өмірінде, саяси-әлеуметтік дамуында айрықша орны бар басылым. Елмен бірге өсіп, елмен бірге түлеген бұл газет шын мәнінде халықтың үнін, ұлттың мұратын жеткізген бірегей ақпарат көзіне айналды.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024
Академиялық көптомдықты сапалы етіп шығару өте маңызды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» академиялық көптомдығы басылымы бойынша ғылыми-редакциялық алқаның көшпелі отырысы өтті. Жиында осыған дейін атқарылған жұмыс нәтижесі қорытындыланды.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2024
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Бұған Орталық Азия елдері парламенттерінің өкілдері қатысты.
Парламент • 15 Желтоқсан, 2024
Парламенттің және заң шығару үдерісінің тәуелсіздік жылдарындағы дамуы
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, елдің саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер болды. Солардың ішінде маңызды бағыттардың бірі – парламентаризмді дамыту және заң шығару үдерісін жетілдіру. Парламенттің қалыптасуы мен эволюциясы мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруының негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.