Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2090 материал табылды

Талбесік • 21 Қыркүйек, 2024

Шижағаның шеге құмы

Арал Қарақұмы – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл. Арал маңы мен Торғай үстірті аралығының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы – 35 мың шаршы шақырым шамасында. Бұл құм алқабы бор және палеоген жыныстары үгілуінің нәтижесінде түзілген. Ғылым солай айтады. Қазір оған жел айдап әкелген құрғаған теңіз табанының құм шөгінділері қосылып келеді. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал маңында жағалық құм белдеуіне ұласып жатыр. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан.

Ең қысқа әңгіме • 20 Қыркүйек, 2024

Аңшы сабағы

Жалпы, мұғалімнің көбі балаға табиғат, жан-жануарлар туралы айтқанды дұрыс көреді. Мұның да бір мәнісі бар екенін кейін аңғардық. Біріншісі – тұспалдау. Яғни қалпыптасқан бейне арқылы (түлкі – қу, аю – жыртқыш, қоян – қорқақ т.б.) тәрбие беру. Екіншісі – табиғат, жан-жануар әлеміне бойлату. Мысалы, біз өскен өңірде жылан туралы аңыз көп айтылатын. Бір қызығы, көбі қорқынышты еді. Естияр шағымызда білдік қой, соның басым бөлігі үлкендердің көрші жұрт түсінігінен (кітап, фильм) алған «олжасы» екен. Мысалы, дәстүрлі қазақ ұғымында сол жылан – «шағып алатын жәндік» емес, байлық пен ақылдың серті екен. «Ер Төстік» ертегісі есіңізде шығар.

Ұстаз • 20 Қыркүйек, 2024

Ұлылық ұстаздан басталады

Ұстаз – қандай қастерлі, ұлағатты сөз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстаз еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Зерде • 20 Қыркүйек, 2024

Бауыржан Момышұлы: Мен халқымның ұлымын!

Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлынан мерекелiк нөмiрге сұхбат алу жоспарланды. Даңқты полковникпен бетпе-бет кездесуге ешкiм өздiгiнше тiлек бiлдiрген жоқ. Жiгiттер ақыры маған тоқталды. Бұл сенiмге iштей қуансам да, көңiл қобалжулы едi.

Спорт • 20 Қыркүйек, 2024

Спортты бақталастық көгертпейді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпар додасынан финалдық тартыс Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қырғызстан ұлттық құрамасы арасында өтіп, 5:4 есебімен біздің көкпаршылар этноспорт Олимпиадасының чемпионы атанды.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024

Көзбояуы жоқ көріністер

Тәуір жігіт Туған ауылымның топырағын бас­қанша асығамын. Пойыздан түсе сала бір шай ішіп ап, аяғыма кроссовки сұғып, көше аралауға шығам. Әуелі Ыбырай атамның басына барып Құран оқимын, сосын қасындағы мешітке кіріп, ата-анама дұға бағыштап, томпиған жәшікке садақа салам. Содан кейінгі сырласым – қайқайған қара жол. Қара жол қайда тартса, сонда барамын. Бұл – менің жан әуенім, бұл – менің Қырым мен Оқжетпесім. Осы жолмен жүрсем, жаным сергіп, рақат күй кешем.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2024

Халық сенімін күшейтті

Жыл сайынғы Жолдаулар шеңберінде Президенттің құқықтық идеяларын қамтамасыз етудегі Парламенттің заң шығарушылық рөліне тоқталғым келеді.

Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024

Эссе: Кемердегі кәдімгі Мағауин

Былтырғы қыркүйектің ортасынан аса Ақтеңіздің толқыны әлдиленгендей болып, Антальяның әуежайында отырғанымда уатсабыма Мұхтар Мағауиннің АҚШ-тан Кемерге көшіп келіп, теңізде малтып жүрген көрінісін көзім шалып, ұшақтан түсіп қала жаздағандай күй кешіп едім...

Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024

Өнердің биік өлшемі

Ұлтымыздан шыққан аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушылар санатын­дағы кәсіби классик-композитор, халық шығармаларын сүйіп, құмарта тыңдаған Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толды. Балалық шағы ауылдық жерде өткендіктен, жас талант Арқадан шыққан дарынды тұлғалар Ақан сері, Біржан сал, Мәди, Естай, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет, Сайдалы сары Тоқа, Әбди, Қыздарбек, Сембек, Әбікен Хасенов, т.б. әндері мен күйлерін бойына сіңіріп өсті.

Пікір • 19 Қыркүйек, 2024

Киік атумен түйткіл шешілмейді

Бүгінгі күні мал сүмесімен күн көріп отырған батыс өңірінің жағдайы түз тағысы – киіктің тағдырымен тығыз байланыс­ты болып тұр. Онсыз да соңғы жылдары жауын жаумай, қуаң­шылық салдарынан баққан малдарына беретін су көздерін, шабын­дық-жайылым жерлерін көздерінің қарашығындай қорғап жүрген ауыл тұрғындарын, әсіресе мал ұстаған жеке шаруа қожа­лықтарын осы киік мәселесі әбден титықтатып жібергені байқалады.