Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3642 материал табылды

Үкімет • 08 Қараша, 2025

Жасанды интеллект және қастерлі құндылықтар

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лығымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Цифрлық технологиялар дәуірінде рухани және адамгершілік болмысты сақтап қалу үшін не істеу керек? Ұлт­тық құндылықтарды дәріп­теу жолында жасанды интеллектінің әлеуе­тін қалай тиімді пайда­лануға болады? Елорда­дағы Ұлт­тық музейде өткен кез­де­суде зиялы қауым өкілдері мен сарапшы­лар осы мәсе­ле­лерді талқылады.

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Зейнетақы жинағының көлемі көбейді

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай ­бойынша ел тұрғындарының зейнет­ақы жинағының көлемі 25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.

Қаржы • 07 Қараша, 2025

27 нысанды іске қосуға қомақты қаражат бөлінді

Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.

Таным • 07 Қараша, 2025

Ақан серінің беймәлім суреті табылды

Ақан серінің суреті белгілі, барлық жерлерде бейнеленген, мүсіндер жасалып, алаңдар мен далаларда қойылған. Ал «Жалпы, сері бейнесі қайдан алынған? Ақан суретке түскен бе?» деген сұрақтар бізді жетелеп отырып Әлкей Марғұлан еңбектеріне әкеледі.

Архив • 07 Қараша, 2025

Шәкәрімнің шері

Сәбит Мұқанов қаламынан туған еңбектер ұлтымыздың рухани байлығы екені сөзсіз. Туындылары әлемнің 46 тіліне аударылған жазушының қызметтік жолы, өмірінің соңғы сегіз жылын өткерген пәтері Алматы шаһарындағы Мұқан Төлебаев көшесінде орналасқан. Пәтер 1978 жылдан бері музей-үйі ретінде ел мәдениетіне үлес қосып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Тәрбие • 07 Қараша, 2025

Тәрбиенің әлеуеті – ұлттық мінезде

Тәрбие саласындағы жағымсыз ахуалдың туындауының негізгі себептері тереңде жатыр. Жаһандану заманында қазақ қоғамына Батыстан ентелеп кіре бастаған либералдық негіздегі әртүрлі қитұрқы «концепциялар» мен жұртты ішінен ірітіп-шірітуге бағытталған саяси технологиялар ұлттың табиғатын теріс бағытта өзгертуде «әжептәуір нәтижеге» қол жеткізіп үлгерді.

Архив • 06 Қараша, 2025

Көне құжаттағы уақыт табы

Құжат дегеніміз – уақыттың мөрі. Сол мөрдің ізімен біз кешегімізді танимыз, бүгінімізді бағамдаймыз, ертеңімізді болжаймыз. Бірақ уақыт қағазды сарғайтады, сияны өшіреді, осылайша қарт тарихтың парақтарын тоздырады. Сол үшін архивтерде күн сайын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатады: біреу бөлмедегі жылу температурасын бақыласа, екіншісі жарықтың әрбір сәулесін реттейді, енді біреуі ылғалдың әр тамшысымен күресіп, тағы біреуі бактериялармен арпалысады.

Архив • 06 Қараша, 2025

Архив және заманауи технология

Президенттік архив делегациясы Барселонада өтіп жатқан Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАК) кезекті конгресіне қатысты. Әлемнің жүзден аса елінен келген 2 мыңнан астам маманның басын қосқан бұл жиында архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау және архив саласына жасанды интеллектіні енгізу тақырыптары талқыланды.

Саясат • 06 Қараша, 2025

Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды.

Пікір • 06 Қараша, 2025

Құндылықтар темірқазығы

Ішкі саясат тұжырымдамасы елді басқарудың және стратегиялық дамудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мен қоғамдық қатынастарды жаңа даму кезеңінде жетілдіру мақсатында әзірленді. Тұжырымдама ішкі саясат саласындағы қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін айқындауға бағытталған.