Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19579 материал табылды

Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

«Қиссас-ұл әнбия» – Бұл шығарма қай жерде туған?

Насреддин Рабғузидің «Қиссас-ұл әнбия» атты еңбе­гі – Ал­тын орда дәуірінде дү­ние келген әйгілі түркітілді шы­ғар­­малардың бірі. Оның бір атауы «Қиссас ар-Раб­ғу­зи». Шығыстанушы И.А.Каю­­мованың пікірінше, осы шығар­маның ең ескі қолжазбасы Таш­кентте сақтаулы. «Қиссас ар-Рабғузи» шығармасында таяушығыстық сюжеттермен қатар байырғы түрк фольклоры орын алған. Рабғузидің «Қиссас-ұл әнбиясы» түрктілдес мұсыл­ман халықтары арасында, олардың ішінде қазақтарда көп тарағанын қазақ түркітануы басында тұрған Бейсембай Кенжебайұлы «Қиссас-ұл әнбия­ға» арналған мақаласында ашып көрсеткен болатын.

Тарих • 05 Желтоқсан, 2019

Қажырлы қайраткер, сырбаз ақын

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

«Сантьяго Бернабеу» стадионында болды

Қазақстандық балалар Испа­нияның атақты «Реал Мадрид» футбол клубы­ның ойыншыларымен кездесіп, «Сантьяго Бер­набеу» стадионын тама­шалауға мүмкіндік алды.

Тарих • 05 Желтоқсан, 2019

Ғылым Патшайымы­ның ғибраты

Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология институтында әлемге әйгілі академик, Орталық Азия мен Қазақстан әйелдері арасынан шыққан алғашқы геолог ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Патшайым Тәжібаеваның 100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде өте сәтті өтті. Екі күнге созылған шара қалың қауымға ой салған тағылымымен ерекшеленді.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2019

Әдебиет алыбы

Жартылай ұйықтап жүретін қамарлы заман өтіп кетті. Немесе ондай заман болған да емес. Әйтеуір біз ойымызға кірмеген цифрлы заманға келіп тұрғанымызды бір-ақ білдік. Біз оған келдік пе, ол бізге келді ме, ол маңызды емес. Маңыздысы – мұның көркем шығармаға да, оны оқитын оқырманға да тікелей қатысты болып тұрғандығында.

Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

Әкемдей еді...

Руханият • 05 Желтоқсан, 2019

Мемлекеттік хатшы

Қазақстанда Мемлекеттік хатшы институты 1996 жылдың наурызында енгізілді. Бұл қызметті бірінші болып атқарған адам – А.Есімов. Әбіш Кекілбайұлы осы лауазымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 30 қазанындағы Жарлығымен тағайындалып, оны 2002 жылдың 29 қаңтарына дейін атқарды. Осы жұмыста Мемлекеттік хатшының қызметін хатшылығы қамтамасыз етіп отырды. Оның меңгерушісі – Амангелді Қайырбаев, кеңесшілері Бақытжан Ордабаев, Жапсарбай Қуанышев, Мұхтар Тілеуберді, ал көмекшілері Асқар Молдағаринов, Тілекқабыл Боранғалиев болды. Қабылдау бөлмесінде Ләззат, Гүлнәр, Айгүл сияқты қарындастарымыз да қызмет етті.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордамызда еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Елжан Біртанов: Мәселе пациенттің пайдасына шешілуі тиіс

Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстары талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС толық іске қосылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент • 04 Желтоқсан, 2019

Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беруге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады.