Президент • 10 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында пандемиядан кейінгі экономикалық дамудан бастап, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, қаржы, әлеуметтік, білім-ғылым салаларына айрықша көңіл бөлді, қозғалған маңызды мәселелердің ішінде мемлекеттік тілге де ерекше тоқталып өткенін айта кетуіміз керек.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
ІТ-нарықтың аяқ алысы жақсарады
Бүгінде цифрландыру саласында бәсекелестік жоғары. Сондықтан Қазақстан үшін заманауи цифрлы технологияларды енгізу әрі қолдану өте маңызды. Бұл үшін отандық ІТ-секторды дамыту керек. Президенттің биылғы Жолдауда бұған ерекше мән беруі де тегін емес.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру мәселесіне мән берді.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
Ел мен тіл мүддесіндегі жауапкершілікті сезіне білейік
Заманның сәт сайын өзгеруі кез келген қоғамның алдына тың әрі жаңа да жедел міндеттерді алға тартады. Ел Тәуелсіздігінің отыз жылы аралығында сан өзгерістерге түскен дүниенің құбылмалы сәттерін тізбелеп айтпастан бұрын бірауыз сөзбен «әлем өзгеріп жатыр» деуге болар еді. Иә... әлем өзгеріп жатыр. Қазіргі жаһанданудың қарқыны адам баласы ойламаған шапшаңдықпен, тіпті көз ілестірмес жылдамдықпен өрістей түсуде. Өйткені әлем, соның ішінде адамзат баласы өзін және өзінің мемлекеттілігін сақтап қалудың жан алыс та, жан беріс күйін басынан өткеруде.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
Біз, Абай музейінің қызметкерлері мәжіліс залына жиналып, Жолдауды тыңдап, өз ойымызды ортаға салдық. Жеті бағыт бойынша жоспарланған істерді тыңдап, еңсеміз көтеріліп, марқайып қалдық.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
Қазақстан аграрлық салаға негізделген мемлекет болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамытпай, ел экономикасын өркендету мүмкін еместігін Президент бұған дейінгі Жолдауларында да үнемі айтып келеді.
Президент • 09 Қыркүйек, 2021
Жолдау өзегі – ел үшін еңбек ету
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында, ең алдымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тоқталып, береке-бірлік пен тату тірлік арқылы қол жеткізген ең қастерлі құндылығымызға айрықша мән берді.
Экономика • 08 Қыркүйек, 2021
Зейін ШАМАРОВ: «Зауыт – менің екінші үйім»
Бүгін іскер, өз жұмысының хас шебері, Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкері Зейін Сабитұлы Шамаров туралы әңгіме өрбітпекпіз.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу қажет
«Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру барысы туралы онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда киберспорт дамуы екі мыңыншы жылдарда басталды және аталған индустрия «андеграунд» саласында ғана, яғни ойыншылардың, ынтагер-инвесторлардың және шағын компьютерлік клубтардың қаражаты есебінен ғана әрекет етті. Қазақстандық киберспорттың негізін жергілікті кәсіпкер Мұрат «Arbalet» Жұмашұлы қалады.