Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19578 материал табылды

Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Қызылорда облысында «Жұмыс іздеймін» бос орындар жәрмеңкесі өтті

З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратура, Халықты жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға арналып «Жұмыс іздеймін» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысып, 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 20 Қараша, 2019

Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс – Президент

Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда деп жазды Президент twitter-дегі  парақшасында. 

Қоғам • 20 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтанда газ бағасы қанша болады?

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Нұр-Сұлтан қаласын газдандырудың бірінші кезеңі аясында газ бағасын белгілеу туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  

Қоғам • 20 Қараша, 2019

Павлодарлық полицейлер пальто ұрлаған күдіктіні ұстады

Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде киім өлшейтін орыннан сатушылар ұрлыққа қарсы сынған датчиктерді тапты. Бутикті жапқаннан кейін тауарды санау кезінде персонал ер адамның пальтосы жетіспейтінін анықтады. Жәбірленушілер полицияға жүгінді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

20 Қараша, 2019

Зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатаң болады

Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қоғам • 20 Қараша, 2019

Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді

Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.

Қоғам • 20 Қараша, 2019

Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әлем • 20 Қараша, 2019

Ұлы дала жәдігерлері – ежелгі Эллада төрінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жуырда Грекия мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрмесін ашты. Ол «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тарих • 20 Қараша, 2019

Әлеуметті әңгімешілдігімен баураған еді

Моңғолия қазақтары исі қазақтың, әсіресе кеңестік Қазақстан дәуірінің өнерінен, мәдениетінен кеңінен хабардар. Кеңес Одағының социалистік серіктесі, турасын айтсақ, отары болған Моңғолияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы коммунистер дәуірінде үзілген жоқ.

Руханият • 20 Қараша, 2019

Тәрбие мен оқытудың сабақтастығы

«Қазақстан тарихы» пәнінің басты ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, бірінші мақсат – Қазақстан тарихын процесс тұрғысында, атап айтқанда, осы территорияда орын алған тарихи процестердің бірізділігі мен біртұтастығын сақтап, спиралдық даму негізінде біртұтас тарихи фактілерді қабылдайтын әлем картасын оқушыға игерту болды. Екінші мақсат – ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі, атап айтқанда 1 млн жыл бұрын және XXI ғасыр аралығын қамтитын ұзақ мерзімді тарихтың әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдерін оқытып қана қоймай, Ұлы дала көшпелілер өркениеті мен Қазақ мемлекеттілігі тарихын оқушылардың біртұтас қабылдауына қол жеткізу. Үшінші мақсат – Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың рөлін талдау, жүйелеу, сол арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, осы тұлғалардай туған Отанына елеулі еңбек ету құндылығын оқушыларға жеткізу көзделді.