Аңдатпа • 05 Қазан, 2024
8 қазан - «Войцек» «Biken» II халықаралық театр фестивалiнің аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының Қазақ музыкалық-драма театры Г.Бюхнердің «Войцек» трагедиясын ұсынады. Режиссері – М.Хабибуллин.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Тарих пен тағылым тоғысқан өңір
Дарқан дала төсіне, тылсым сырына бұрыннан қанық таңғажайып табиғат мекеніне сапарлау кім-кімді де сан алуан сезімге бөлейді. Көңіл алабұртып, ой сан саққа жүгіреді. Мұндай өлкенің бөлекше бітім-жаратылысын, екінің бірі аңғара бермейтін әсемдігін сезінгіңіз келсе туған жерге перзенттік көзбен қарау керек.
Салық • 04 Қазан, 2024
Салық кодексіне қойылатын талап
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді және салық жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңінен өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономиканың тұрақты өсуі – салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты» деді.
Аңдатпа • 04 Қазан, 2024
7 қазан - «Дауыл» «Biken» II халықаралық театр фестивалi аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры У.Шекспирдің «Дауылы» қойылады.
Саясат • 03 Қазан, 2024
Құндылықтарды ілгерілетуге ден қойды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді. Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды.
Саясат • 03 Қазан, 2024
Қазақстан – Ресей: Сындарлы диалог әріптестікті нығайтады
Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Ресей Федерациясы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 22-отырысын өткізді.
Аңдатпа • 03 Қазан, 2024
8 қазан - «Қызыл орамалды шынарым» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» драмасы ұсынылады. Режиссері –Т.Теменов.
Үкімет • 02 Қазан, 2024
Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы
Премьер-министр Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкімет басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады.
Аңдатпа • 02 Қазан, 2024
3 қазан - «Махаббат жағалауы» Музыкалық жас көрермен театрында Мар Байджиевтің «Махаббат жағалауы» драмасы қойылады. Режиссері – А.Маемиров.
Қаржы • 01 Қазан, 2024
Қаржылық тұрақтылықты нығайту пысықталды
Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы бюджеттік саясат және Қазақстанның ХВҚ-мен ынтымақтастығы мәселелерін талқылау болды.