Әлем • 24 Қаңтар, 2025
Моңғолияның таулы табиғаты мен жергілікті халқының тарихына қызығушылық танытсаңыз, әлеуметтік желіде үнемі алдыңыздан шығатын ерекше бір халық бар. Олар – Тайгада тіршілік ететін түркітектес духа жұрты. «Духа» сөзі «тухамен» қатар тарихта «туга», «тува», «тыва», «тофа», «туба» деп те кездеседі. Сондықтан оларды «моңғол тывалары» немесе «тубалары» деп те атайды. Ал моңғолдар духаларға «цаатандар» деген ат берген. Моңғол ғалымдарының еңбектерінде «цаатан» сөзінің мағынасы «ақ затқа ие болу», яғни «ақ бұғы бағушылар» дегенге саяды.
Басылым • 24 Қаңтар, 2025
Сәдуақас Ғылмани және Дала ғұламалары
Дәл осындай атаумен («Saduaqas Ghilmani and the Great Steppe Scholars») ғылыми жинақ өткен жылдың соңында Түркияның Ыстанбұл қаласында жарық көрді. Шығарушы ұйым – IRCICA, OIC (Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тарих, мәдениет және өнерді зерттеу орталығы). Осы еңбектің даярлануын, шығуын үйлестірген ғалым – тарих ғылымдарының докторы, аталған орталық пен Еуразия ұлттық университетінің жетекші профессоры, танымал дінтанушы Әшірбек Муминов.
Олимпиада • 23 Қаңтар, 2025
Астанада математика, физика және информатика бойынша 21-халықаралық О.Жәутіков олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 тәлімгер қатысты. Мазмұнды іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі,«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Тұлға • 23 Қаңтар, 2025
Ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау, оны жаңа дәуір талабына сай жаңғырту, әсіресе мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсу сияқты өткір мәселелер қазіргі қоғамымыздың зиялы қауымын толғандырады. Сондай абзал азаматтардың бірі – саяси ғылымдар докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір.
Руханият • 23 Қаңтар, 2025
Публицистика ма, әлде... Негізі, «фольклор бұрын туған ба, әлде ақпарат арқылы қоғамдық санаға қозғау салу өнері алғаш пайда болған ба?» деген сұрақ төңірегінде ойланған артық емес. Фольклор әу баста ауызша туып, ауызша тарап, сана мен сезім сүзгісінен өтеді. Уақыт жаңғырса да, халық өмірімен тығыз байланыста өмір сүре беретінін фольклорист ғалымдар анықтаған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар да алуан пішінде, түрлі жанрда ұсынылып, әлеумет санасына қозғау салады.
Басылым • 23 Қаңтар, 2025
Жақында Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада елімізде ең алғаш құрылған арнайы жасақ бөлімдерінің негізін қалаушы және алғашқы командирі, ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, құрметті ардагері, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Дәулет Темірхановтың ұзақ жылғы еңбек жолын баяндайтын, үш бөлімнен тұратын «Бүгілмес болат, сынбас семсер» және орыс тіліндегі «Несбигамая сталь, неручимый мечь» атты ғұмырбаяндық қос кітабының тұсаукесері өтті.
Таным • 23 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Кітапханалар елі
Италияның оңтүстігінде орналасқан Кастельмеццано атты кішкентай ғана ерекше ауыл бар. Бұл жер «Кітапханалар елі» деп аталады, өйткені әр үйдің қабырғасы кітап сөрелерімен безендірілген.
Үкімет • 22 Қаңтар, 2025
Шекаралық нысандар құрылысының мәселелері талқыланды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде шекаралық заставаларды салу және жаңғырту мәселелеріне арналған отырыс өтті. Іс-шараға мүдделі тараптар, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және қаржы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Руханият • 22 Қаңтар, 2025
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылының табиғатын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзбен көріп, жан-жүрекпен сезу қажет. Осы бір алақандай ауылда 37 суретші туып-өсіпті. Соның 17-сі КСРО Суретшілер одағының мүшесі болған екен. Бұл ауылда кіндік қаны тамған ақын-жазушылар мен әнші-күйшілерді һәм ғалымдар мен өнер қайраткерлерін айтып отырғанымыз жоқ. Жоғарыда айтқанымыздың өзі – туған жердің қасиеті туралы сөзіміздің айғағы.
Ұстаз • 21 Қаңтар, 2025
Тіл – халықтың асыл қазынасы. Бір жағынан, оны адамдарды бір-бірімен жақындастыратын байланыс құралы, достық дәнекері деп айтамыз.