Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2019

Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2019

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан және Литва елдері көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Тараптар 2019 жылға арналған рұқсат бланкілерінің түпкілікті квотасын және 2020 жылға арналған алдын ала квотаны бекітті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қ. Бозымбаев Венада бірқатар кездесу өткізді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Венада (Аустрия) Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 63-сессиясына қатысып жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.   

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстан, Иран және Әзербайжанның Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілдері кездесті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2019

Ақерке Ахметова Әділет вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет Қаулысымен Ахметова Ақерке Естайқызы Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019

Қазақстанның әлеуметтік-саяси даму саласындағы реформалары ЕҚЫҰ алаңында талқыланды

Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі Бюросының адами өлшем саласындағы міндеттерді орындауын шолу бойынша жылсайынғы Кеңесі бастау алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019

Борыш жүктемесін азайту бойынша call-орталыққа 58 мың адам хабарласты

5 қыркүйектен бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында жұмыс істейтін «111» cаll-орталығының қызметкерлері тәулік бойғы режимде қазақстандықтарға борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша 58,5 мыңнан астам консультация берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Спорт • 18 Қыркүйек, 2019

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Тимур Құлыбаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне қайта сайланды. Бүгін Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Жиынға Ассамблея мүшелері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорттық федерациялардың президенттері қатысты. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.