Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Сізге, сондай-ақ, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін» делінген жеделхатта.