Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Спорт • 20 Шілде, 2019

Президент кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент кубогында 51 келіде чемпион атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Үкімет • 20 Шілде, 2019

Асқар Мамин «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Премьер-Министр Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 20 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

100 • 20 Шілде, 2019

Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз.

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ақмола облысындағы Жеке батыр тауы өртенді

2019 жылғы 19 шілдеде сағат 13.00-де Ақмола облысының Бурабай ауданында Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде «ҚР ПІБ Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аумағында 852 метр биіктікте Жеке Батыр тауының шыңында құрғақ шөп пен орман өртенді. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 19 Шілде, 2019

«Томирис» фильмінің трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдағы оқиғалар жайында сыр шертетін «Томирис» көркем фильмінің ресми трейлері Түркияда бір күнде 1 миллион қаралым жинады.

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Полиция департаменті жолда да, желіде де қабылдайды

Қостанай облысының орталығында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Полиция қызметінің ашықтығының арқасында қала тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қоя алады. Сұрақтардың басым көпшілігі көші-қон мен жол қозғалысы ережелеріне қатысты. Азаматтарды облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов және басқа да қызмет бастықтары қабылдады.

19 Шілде, 2019

Ерлік Шәкірұлы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 19 Шілде, 2019

Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Өткен жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2018 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3863 млрд теңгені құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 4,6% көбейді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.