Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3664 материал табылды

Саясат • 05 Қараша, 2025

Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты

Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XIII кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Қоғам • 05 Қараша, 2025

Жәрдемге мұқтаж жандарға жеңілдік

Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу ақысын төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгеріс енгізілді.

Тұлға • 05 Қараша, 2025

Майдангер тарихшы

Биыл – белгілі ғалым, профессор, ұстаз, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Мүштай Батырбекұлының туғанына 100 жыл.

Мәселе • 05 Қараша, 2025

Қадірі қашқан Қызылкөл

Бір кездері үйрек ұшып, қаз қонған, шағаласы шулап, сазаны тулап, ақ толқыны жағаға атқан, суы, тұзы, құмына дейін жанға дауа, дертке шипа болған көрікті де киелі Қызылкөлдің базары тарқап, басынан бақ тайғалы қашан. Байлығы – балығынан айырылғаны аздай, енді нәрі мен сәні – суынан да айрылып, тұз басқан өлі шұңқырға айналудың аз-ақ алдында тұр.

Саясат • 05 Қараша, 2025

Astana Hub-қа барды

Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен бірге Astana Hub-қа барды.

Қаржы • 04 Қараша, 2025

Бөгет құрылысына қаржы бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы «Тепличное» ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

ЖОЛДАУ • 04 Қараша, 2025

Инновациялық бағдар

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын инновациялық жолдау деп айтуға болады. Себебі барлық саладағы жасанды интеллект жіпке тізгендей қамтылған. Бұл алда ЖИ арқасында революциялық жаңалықтар болады дегенді аңғартады. Ол үшін Қазақстан халқы жасанды интеллект ұғымын, оның сан-салалы сырларын, жақсы жағы мен қиындығын біліп алуы керек. 90-жылдары халық нарық экономикасын жете білмей, жайдақ атқа мінгендей күйде болды.

Үкімет • 04 Қараша, 2025

Алматы әуежайын жаңғырту жайы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшы­сы­ның халықаралық авиация­лық хаб құру жөніндегі тап­сыр­ма­сын жүзеге асыру шең­­берінде Алматы қала­сы­­­ның әуежайын дамыту мәсе­­лесі бойынша кеңес өткізді.

Келешек мектептері • 04 Қараша, 2025

Мамандарға ерекше мән беріледі

«Келешек мектептері» – оқушыға қолжетімді сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Мұндағы өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар бала­ның жан-жақты дамуына жағдай жасаған. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі.

Үкімет • 01 Қараша, 2025

Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы

Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвести­циялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысты. Форумға 50-ден астам елден 1 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг, басқа да салалардағы компаниялардың басшылығы жиналды.

Яндекс.Метрика