Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19653 материал табылды

Саясат • 28 Маусым, 2019

Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Арыстықтардың өз үйлеріне аман-есен жетуін мыңға жуық тәртіп сақшысы қамтамасыз етуде

Тәртіп сақшылары Арыс қаласы тұрғындарының үйлеріне аман-есен оралуын қамтамасыз етіп жатыр. Қазіргі таңда Шымкенттен 78 автобус жүріп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Арысқа 5,5 мыңға тарта тұрғын оралды

Таңертеңгі сағат 06:00-ден бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Көз жасы арықтауға көмектеседі

Бұл туралы Stern апталық жаңалықтар журналы зерттеулерге сүйене отырып жазды.

Қазақстан • 28 Маусым, 2019

Азаматтарды тіркеуге қою жеңілдейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді миграция қызметкерлерімен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Бұл қолдаудың орны бөлек

Мемлекет басшысы ең алдымен ел азаматтарының әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйіне баса назар аударып отыр. Бұл мәселе Қ.Тоқаевтың президенттікке кандидат ретіндегі бағдарламасына да басты желі болып тар-тылғаны белгілі. Бүгінгі биігінен қарағанда да Президенттің ел-жұртқа берген уәделері орындала бастағанына көз жеткіземіз. Жасы­ратын несі бар, қазіргі кезде күн­көріс деңгейі төмен көптеген қазақ­стан­дықтар дербес баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Сол үшін көпшілігі үйге несиелік қаражаттар алу жолымен қол жеткізуді ұйғарған. Солардың қатарына өзімді де қоса аламын.

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Тұрмысты түзету мүмкіндігі

Президенттің Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлығы ел-дегі әлеуметтік-экономи­калық жағдайды жақсартып алуға берілген мүмкіндік. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдар­ламасында айтылған, партияның алға қойған міндеттерімен сәйкес келіп отыр. Өйткені, мақсат – халықтың жағдайын жақсартуға жол ашу.

Қазақстан • 28 Маусым, 2019

Жаңа әлеуметтік бастама

Әлеуметтік осал топтарды қолдау – ел­де­гі мем­лекеттік саясаттың басты ұста­ным­да­ры­­ның бірі. Бұл ретте Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың Қазақстан азамат­тарының бо­­рыш жүктемесін азайту туралы шешімі ел тұр­­ғын­дарының өмір сапасын арттыруға ар­нал­ған жаңа әлеуметтік бастама деуге толық негіз бар.

Руханият • 28 Маусым, 2019

Жасандылықтан аулақ болған абзал

Мақұлданған емле ережеле­рінің төрт тармағына тиесілі ұсыныспен шектелмекпін. Олай болса, 11-тармақтың (Сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үн­десіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.) ескертуіндегі: «Кейбір кірме сөз­дерде үндесім сақталмай жазы­­лады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret» деген ережеге мынадай ұсы­нысым бар: - құзыр мен құдыр­дың төркіні бір. Сондай-ақ ақыр, қа­зыр қош, қадыр сөздері – жуан буынды сөздер. Мұғалім деп жа­зып жүрген арабтекті сөзді морфемаға жіктесек, мұғалым болып шығады. Кітап сөзі кезінде китаб деген араб сөзін бұзбау ниетінен шыққан, қазақшасы кітәп болады, соңғы буында «ә» келетін сөздер (кінә, куә) сияқ­ты қолданылады. Сондықтан бұларға ереже үндестікке бағын­байтын қосымша жалғануы ре­тін­де тағайындалуы қажет. Сон­да бұл сөздер құзырет, құды­рет, қошамет, мұғалым, ақырет, қа­дыр, кітәп, тауқымет, қасырет бо­лып жазылмақ.

Қазақстан • 28 Маусым, 2019

Құттықтауларда – ізгі тілектер

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.