ANTIKOR • 17 Қыркүйек, 2024
Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске атсалысады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Егемен Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2024
Жұмысшы – құрметке лайық мамандық Қандай жұмыстың болсын жаманы жоқ. Әркім өзіне жүктелген міндетті терең сезініп, жауапкершілікпен атқарса, еліміздің одан әрі дамуына үлес қоса алады.
ЖОЛДАУ • 14 Қыркүйек, 2024
Адал еңбек әділ бағалануға тиіс
Білім саласының маманы ретінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауларынан хабардармыз. Бірақ осы жолы көкейімізден шыққан тұжырымын құзырлы орындар жүзеге асырып, келелі шешімдер қабылдаса екен дейміз.
Білім • 14 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларына қатысты айтылған барлық бастамаға ерекше назар аудару – әрбір азаматтың парызы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын осы бағыттағы маңызды стратегиялық қадам десек болады.
Саясат • 14 Қыркүйек, 2024
Халықаралық мәдени форумға қатысты
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Қазақстан делегациясы Санкт-Петербургте оныншы Халықаралық мәдени форумға қатысып жатыр. Бұл іс-шара 80 елдің өкілін жинап, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен мәдени мұраны сақтау және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылау алаңына айналды.
Пікір • 14 Қыркүйек, 2024
Жұмысшы мамандығының беделі артады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы даму кезеңімізге байланысты ел алдына көптеген жаңа міндет қойды. Әсіресе Президент еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін айта келіп, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны – осы салада еңбек етіп жүрген қаншама жұмысшы маманның еңсесін бір көтеріп тастады.
Аңдатпа • 14 Қыркүйек, 2024
14 қыркүйек - Ертегі Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында М.Томановтың «Достар» ертегісі сахналанады. Режиссері – Б.Өтеғалиев.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 14 Қыркүйек, 2024
Кешегі жарыс күнінде ордо спортынан ел құрамасының үздіктері Чехия, Моңғолия спортшыларын еш қиналмай жеңіп, финалдық сынға шыққанда, алтын жүлденің де ауылы алыс емес болар деп үміттенген едік.
Таным • 13 Қыркүйек, 2024
Бұл да Жаппар мұғалімнің әңгімесінен. Сол жылы қыстың ортасына дейін ауылға көмір жетпей қойды. Бұл осы салаға жауапты аудан, ұжымшар басшылығы кінәсінен бе, жоқ шойын жол мен көмір таситын тауар вагоны жүйесінің бір ақауынан ба – білмедік. Қарашаның қара суығы жетіп келді. Мектепте отын таусылған. Сонда майдангер директор Шәкіржан ағай ауыл ақсақалдары мен аға буынды шақырып, шұғыл мәслихат құрды. Шешім де тез шықты. «Жастау жігіттер мен жоғары сынып оқушылары таудан, тоғайдан отындық ағаш жинайды. Қызуы ұзақ қураған долана, жиде, кәтіреңке кесу – уәжіп!». Тапсырма – осы. Қысқасы, еңбек пен дене шынықтыру сабағы далада өтеді. Ата-анамыз аз-кем тамағымызды қалта-дорбамызға салып береді. Ең қызығы, ер мұғалім атаулы қарап тұрмай, өздері үлгі көрсетуі керек. «Көз – қорқақ, қол – батыр» дегендей, екі аптада тау-тау отын жиналды. Бұған бәріміз мәзбіз. Күзде ерте қас қараяды. Бортты машина келгенше ортаға от жағып, Жаппар ағайлардың әдемі әңгімесін тыңдаймыз.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2024
Теңге ілуден Бақыт Төлтай Рахат Қамбаров пен Бекнұр Серіковтің жетістігін қайталап, алтыннан алқа тақты.