Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023
Петропавлда өзін пәтерге тұрғызған қартты тонаған алаяқ ұсталды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
Биылғы суға түсу маусымында ел бойынша 177 адам ажал құшқан. Бұл сан – былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға азайған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында да 5 адам суға батып қайтыс болды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысында болып, қордың қамқорлығын көріп отырған бірнеше ұйымның жұмысымен танысты. Соның ішінде құлағы естімейтін балалардың арнаулы мектеп-интернатына да ат басын бұрды.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023
Тиімді қарым-қатынас орнатылды
Жуырда Қытайдың Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Иде бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегацияның құрамына Үкімет мүшелері және ірі компаниялардың басшылары болды.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023
2020 жылы жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіби білім берудің маңызына тоқталып: «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн», деген еді. Президенттің осы тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет жастарды кәсіби білімге ынталандыру мақсатында қаражатты үйіп-төгіп бөлді. Осы бағытта білім алғысы келетін жас буын мемлекеттік грантпен тегін оқытып, жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, шәкіртақы да алып тұратын болды.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023
Солтүстік Қазақстанның егіс алқаптарында қызу жүріп жатқан орақ науқаны дәнді дақылдар ғана емес, дәнді-бұршақты дақылдарды да жинау үстінде. Сондай-ақ биыл майлы дақылдар мен картоптың және көкөністердің де үлесі қомақты. Жауын-шашынның кей жерлерде құйып өткеніне қарамастан, облыс бойынша жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізіліп отыр.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2023
Ауыл мектебіне – арнайы автобус
Жаңа оқу жылының қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептеріне заманауи үлгідегі 29 автобус берілді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2023
Парламент депутаттарының қазір демалыста жүргені белгілі. Осы сәтті пайдаланып Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Еркебұлан Мәмбетовке жолығып, әңгімелескен едік.
Шаруашылық • 23 Тамыз, 2023
Еліміздің терістігінде үлкен орақтың басталып кеткеніне біраз күн болды. Бүгінгі таңда барлық егіс алаңының 20 пайызға жуығы жиналды. Егер алдағы күндерде де күн райы қолайлы болса, бүгінгі техникалардың өнімділік қарқынымен бар астықты бір айдың көлемінде жинап алуға болады.
Басылым • 17 Тамыз, 2023
Елімізге кеңінен танымал азамат, республикалық «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаевтың құрастыруымен жуырда «Барлыбаевтар ақиқаты» атты жинақ жарық көрді.