Есірткі • 05 Желтоқсан, 2023
Петропавл ежелгі шаһар болса да, тұрғындар саны 220 мың адамның төңірегіндегі шағын облыс орталықтарының біріне жатады. Соған қарамастан, есірткі тарату қылмысы қалада көп тараған. Полицияның есебіне сүйенсек, есірткі таратумен айналысқаны үшін ұсталғандар саны артып отыр.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2023
Евгений Евтушенконың: «Поэт в России - больше чем поэт» деген ақынға қойылған талаптың жүгі ауыр дегенді білдіретін ұранды сөзі бар. Сол сияқты солтүстікте де бір кезде домбырашы болу – ұлттық аспабымызды шебер тарта білуді ғана емес, жүрегінде өжеттік пен өткірлік, намыс пен рухы бар жандар ғана алып жүре алатын өнер еді. Өйткені қазағының үлесі барынша азайып, басқа этнос өкілдері көбейген аймақта домбырашылықты өнер деп білгісі келмейтін қызмет құлағын ұстағандар мұнда өте көп-ті. Ұзақ жылдар бойы құлақтарына жатжұрттық әуендер сіңіп қалған барлық шенеунікке, халықтың негізгі бөлігіне домбыра үні жат болып естілетін. Тек махаббатпен сүйіп, оған жан-тәнімен берілген, сонымен бірге жүрегінің оты, жілігінде намысы барлар ғана домбыраның үнін өшіруге жол бермей, айтысып-тартысып жүріп, оны кешегі қызыл империяның қыспағынан алып шығып, бүгінгі заманға жеткізді. Ұрпақ алдында сондай ұлағатты іс атқарған жандардың бірі – домбырашы Тойкен Күдерова.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2023
Бүгін Қызылжарда үлкен мереке. «Береке» шағын ауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 600 отбасы баспанаға ие болды.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Петропавл мен қала маңындағы Пестрое көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қыс-2023» республикалық команда-штабтық жаттығулары өтті. Жаттығулар азаматтық қорғаныстың қыс айларында болуы мүмкін түрлі төтенше жағдайды жоюға дайындығын пысықтауға арналған.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Өткені мен бүгіні үйлескен мекендер
Тайынша мен Айыртау аудандары Солтүстік Қазақстан облысы аумағына 1997 жылы таратылған Көкшетау облысынан енген. Соның ішінде Тайынша ауданы Келлер, Красноармейск, Чкалов аудандары бірігуінен қайта құрылды. Ал аудан орталығы Красноармейск қаласына бұрынғы Тайынша атауы қайтарылды. Ауданның жер көлемі шағын болғанымен, аумағында теміржол бекеті және жоғары дамыған шаруашылықтары болғандықтан, экономикасы жақсы дамыған. Тайынша қаласының өзі – облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықта.
Байқау • 27 Қараша, 2023
Қызылжар аспанын күмбірлеген қазақ әніне бөлеп, Ақан сері атындағы ІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауы аяқталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 43 әнші қатысып, әрқайсысы үш әннен орындады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Желдің кесірінен жарықсыз қалды
Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды. Әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданында күрделі ахуал қалыптасты. Мұнда жоғары вольтті ВЛ-110 кв электр бағандарына зақым келіп, дауылға шыдас бермей, құлап кеткендері де бар. Басқа аудандардағы жағдай да мәз емес. Электр жарығын өшіруге тура келген соң 183 ауылдық елді мекен жарықсыз қалды...
Аймақтар • 24 Қараша, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында 183 елді мекен жарықсыз қалды
Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды.
Аймақтар • 22 Қараша, 2023
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың мен Ақжар аудандары өңірдің екі шетінде орналасқан. Аққайың ауданы үлкен жолдың үстінде, соған сәйкес инфрақұрылымы да жоғарырақ дамыған. Аудан 1928 жылы құрылған, орталығы Смирнов ауылы – Петропавл қаласынан 40 шақырымдай жерде. Алғашында бұл ауыл Дәрмен деп аталып, артынан Смирнов деген инженердің аты берілген.
Экономика • 21 Қараша, 2023
«Qyzyljar» АЭА: Тынысы мен тірлігі
2019 жылдың қазанында Премьер-министрдің Қаулысымен Петропавл қаласының аумағында «Qyzyljar» атты Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ (АЭА) құрылды. Арнайы аймақ 2044 жылға дейінгі кезеңде әрекет ететін болады. Бұл – еліміздің аумағында құрылған 13-арнайы аймақ, бөлінген жер көлемі – 212,3 гектар. Оның мақсаты – инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар жасай отырып, тауар өндірушілерді Петропавл қаласы мен солтүстік өңірдің экономикалық дамуына тарту. Негізінен, жеңілдіктер мен преференциялардың өзі де инвесторлар үшін өте тартымды. Атап айтқанда қазіргі заманға лайық тауар өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан мүлде босатылады. Импорттық ҚҚС-да төлемейді. АЭА аумағына жеткізілетін шикізат пен құрал-жабдықтар кеден салығынан босатылады. Жерді пайдаланғаны үшін ешқандай жалдау құнын төлемейді. Осының үстіне дайын инфрақұрылымдарды да қолданады. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін жалдауға жеңілдетілген тәртіп жасалған.