Ауыл • 26 Мамыр, 2025

Ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбеюде

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Уәлиханов ауданындағы Жамбыл және Шағырсай ауылдарында болған ауылдастардың жиынында ішімдіктен бас тарту, оны дүкенде сатпау, барлық отбасылық шараларды алкогольсіз өткізу туралы шешім қабылданды.

Ішімдіктен бас тартқан ауылдар көбеюде

Бұл Солтүстік Қазақстанда көптен бері қалыптасып келе жатқан жақсы үрдіс.  Осыған дейін де бірнеше қазақ ауылдары ішімдіктен бас тарту туралы шешім қабылдаған. Тіпті басқа этнос өкілдерімен аралас тұратын кейібір ауылдар да бұл үрдіске қосылып жатыр.

Былтыр тіпті аудан орталығы Саумалкөл және Лобаново мен Арықбалық ауылдарында да христиан дінін тұтынатындарды жерлеу рәсімінде де ішкілік ауызға алынбасын деген бастама көтерілді. Бұл үрдісті православин шіркеуінің священнигі Евгений әкейдің өзі қолдаған.

Құқық қорғау органдары алкогольден бас тартқан ауылдарда түрлі қылмыстардың тіркелгені азайғанын жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55