Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1647 материал табылды

Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023

Орманшылар әулеті

Сембай Жәнібеков 1911 жылы дүниеге келген. Туғаннан тағдыр тезіне ілігіп, дүние есігін енді ғана ашқанында анасы өмірден өткен. Әз ана жаны қиналып жатып өмірінің соңғы сағатында жаңа туған Сембайды күйеуі Қазыбектің ағасы Жәнібектің Азықан деген ұлының жас түскен келіншегі Кәменге «сүйегі – менікі, еті – сенікі», құдай алдында сұрауы жоқ, сен бағып өсір деп өз қолымен тапсырып кетеді. Сөйтіп, Сембай ағамыз осы отбасында өсіп, тегін Жәнібеков деп жаздырған.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2023

Еріктілердің елеулі істері

Солтүстік Қазақстан облысында жастардың жасампаз күш-қуатын қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланатын волонтерлік қозғалыс жақсы қарқынмен алға басып келеді.

Мирас • 20 Қыркүйек, 2023

Жүз жыл бойы мұраны мұқияттаған

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Сонау аумалы-төкпелі жылдарда Ақмола губерниялық атқару комитетінің қаулысымен шаңырақ көтерген бұл мекеме содан бері өлке тарихының қымбат қазынасына айналған мұрағаттарды сақтау, зерттеу, насихаттау ісінде республикада алдыңғы қатарда келеді.

Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2023

Астықты құтқару амалы

Жаз бойы жауынның ала-құла жауғанына қарамастан сол­түс­тік­қазақстандықтар біршама жақсы астық өсірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетовтің айтуына қарағанда, орта есеппен кемінде гектарынан 12-13 центнерден астық жинауға үміт бар еді. Бірақ тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында үзіліссіз жауған жаңбыр диқанның көңіл-күйін түсіріп кетті. Дестеге түскен астық та, дәні де өніп кетіп жатыр. Күн сәл ашылғанда дестені ауда­румен айналысып жатқандар көп. Алқапқа комбайн оңайлықпен кіре алмайды, жауын жерді езіп жіберген.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023

Қоршаған ортаның қолайсыз ахуалы

Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық ахуалы қалыпты жағдайда, дегенмен көптеген бұзушылыққа жол беріліп отыр. Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың айтуына қарағанда, қалдықтарды үюдің тәртібін бұзған 242 орын табылған. Соның 172-сі – рұқсат етілмеген жерге үйілген қоқыс пен қалдықтар. Қалған 70-інің де жағдайы мәз емес, ондағы қоқыстар белгіленген шекарадан асып кеткен. Қазір соның 186-сы жойылған. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері ғарыштық зондтау арқылы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопарталы арқылы анықталған.

Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023

Жақсылыққа жамандық

Петропавлда өзін пәтерге тұрғызған қартты тонаған алаяқ ұсталды.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023

Абайлаған аман жүрер

Биылғы суға түсу маусымында ел бойынша 177 адам ажал құшқан. Бұл сан – былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға азайған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында да 5 адам суға батып қайтыс болды.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023

Бағыты айқын қор

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Солтүстік Қазақстан облысында болып, қордың қамқорлығын көріп отырған бірнеше ұйымның жұмысымен танысты. Соның ішінде құлағы естімейтін балалардың арнаулы мектеп-интернатына да ат басын бұрды.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023

Тиімді қарым-қатынас орнатылды

Жуырда Қытайдың Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Иде бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегацияның құрамына Үкімет мүшелері және ірі компаниялардың басшылары болды.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023

Түйткілдің түбіне бойласақ...

2020 жылы жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда Мемлекет басшысы кәсіби білім берудің маңызына тоқталып: «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн», деген еді. Президенттің осы тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет жастарды кәсіби білімге ынталандыру мақсатында қаражатты үйіп-төгіп бөлді. Осы бағытта білім алғысы келетін жас буын мемлекеттік грантпен тегін оқытып, жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, шәкіртақы да алып тұратын болды.