Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Ауыз сусыз ауылдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің кезеңдік жоспары әзірленген. Осы жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстанда әлі су жеткізілмеген 226 ауылға су тарту көзделген. Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Павел Шиловтың айтуына қарағанда, бұл мақсат 2026 жылға дейін толық орындалады. Әзірге ауыз су толық жетпей отырған 18 ауылға сумен қамтамасыз ету нысандары салынады, ал 164 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылады, тағы 47 ауыл­да топтық су құбыры жаңғыртылады.

Ғылым • 01 Қараша, 2022

Теріскей тарихы тереңдейді

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ә.Марғұлан атындағы археология институтының филиал­да­ры ашылды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2022

Берекелі жәрмеңке

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында осы жылғы алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған облыстың 13 ауданының өкілдері келіп, ауылшаруашылық өнімдерін саудалады.

Аймақтар • 25 Қазан, 2022

Көк байрақтың бәсі биік

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада осы ұжымның мүшелерінің күшімен дайындалған «Қазақстан – көк байрақты нұрлы ел» атты Республика күніне арналған мәдени шара өтті. Оған облыстың ардагерлер алқасының мүшелері, мемлекеттік және Ұлттық ұлан қызметкерлері, студенттер мен курсанттар, мектеп оқушылары қатысты.

Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Алаш қайраткерлерінің айшықты іздері

Республика күнінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында Алаш қайраткерлерінің қазақ халқына сіңірген ерен еңбектерін еске алып, ұрпаққа танытқан айтулы іс-шара болды. Осы шараның аясында алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ғасырлар тоғысындағы Солтүстік Қазақстан: тарих және қазіргі заман» атты республикалық ғылыми-теориялық семинар ашылды. Оның жұмысына қатысу үшін Алматы мен Астанадан, Қостанай мен Көкшетаудан белгілі ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері Сабыр Қасымов, Аманжол Күзембайұлы, Серік Негимов, Жандарбек Мәлібеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Гүлнәр Мұқанова, патриоттық тамаша әндердің авторы, композитор Жоламан Тұрсынбаев және т.б., сондай-ақ жергілікті өлкетанушылар мен зерттеушілер қатысты.

Бизнес • 19 Қазан, 2022

Кәсіпкерге – мемлекеттік қолдау

Бизнесті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік секторды ынта­ландыруға мүмкіндік береді. «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Олег Пак қордың кәсіпкерлерді қаржылық қолдау нәтижелері туралы айтты.

Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Өрендер «өрт сөндірді»

Петропавл қаласында Құтқарушылар күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында өрт сөндіру мен апаттан құтқару бойынша қала чемпионаты өтті. Оған өрт сөндіру бөлімдерінің түрлі іс-шараларына қатысып жүретін қала мектептерінің өрендері қатысты.

Қоғам • 11 Қазан, 2022

Ауыздықталған алаяқтар

Жақында Петропавлда қала тұрғынын 8,5 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен 25 және 30 жастағы екі алматылық алаяққа сот үкімі шықты. Олардың бірі 3,5 жылға сотталса, екіншісі ­4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өнер • 11 Қазан, 2022

Күй тербеген кеш

Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыс­­тық әмбебап кітапханада өңірі­міз­ге танымал күйші, ұстаз, ұлт жана­шыры, «Облыстың құр­мет­ті азаматы» Серікбай Құса­­йы­новтың 85 жылдығы­на ар­нал­ған «Он саусағынан күй там­ған» атты әдеби-музыка­лық кеш болып өтті.

Экология • 11 Қазан, 2022

Табиғатты аялау

Шымкентте студент жастар бастаған EcoStudentKZ челленджін Павлодар, Екібастұз, Түркістан жастары жалғастырып, Қызылжарға жетті.