Оқиға • 07 Сәуір, 2025

Петропавлда көтергіш крандар зауыты іске қосылады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «KazCrane» ЖШС көтергіш крандар жасайтын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда көтергіш крандар зауыты іске қосылады

Кәсіпорын директоры Константин Каргердің айтуына қарағанда былтырғы су тасқынының кесірінен құрылыс жұмыстары саябырсып қалған. Өйткені, құрылыс алаңына су кіргендіктен жұмыс тоқыраған. Алайда биыл құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Осы жылдың аяғында алғашқы өнімдерімізді шығара бастаймыз. Қазірдің өзінде «Қармет» компаниясынан 450 тонна жүк көтеретін көпірлі крандарға тапсырыс түсті», дейді ол.

Зауыт толық қуатына енгенде 300 адамға жұмыс орыны ашылады. Құрылыс алаңы 13,5 мың шаршы метр аумақты қамтыған. Барлық технология Германиядан әкелінген. Бұл зауыт Қазақстанда ғана емес барлық ТМД аумағында бірегей кәсіпорын болмақ. Онда крандардың бірнеше түрі шығарылатын болады.