Жәдігер • 03 Сәуір, 2025

100 жыл сақталған бердеңке

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал ұрлығына қарсы республикалық шаралар жүргізу барысында солтүстік­қазақ­стандық пинкертондар қызық «олжаға» тап болды. Аққайың ауда­нын­дағы мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ауыл тұрғындары­ның бірі­нің қорасын тексергенде, үйілген шөп маясынан екі бірдей бердеңке та­был­ған. Тұрғын оның бабасынан қалған раритеттік мұра екенін айтқан.

100 жыл сақталған бердеңке

Баяғыда, М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятында бас кейіпкер Бақтығұл ұстаған бердеңке осындай. Америка офицері Хайрем Бердан 1870 жылы ойлап тапқан бұл қарудың патентін орыс империясы сатып алып, Тула қару жасау зауытында шығарып, патшалық аумағына таратқан. Ол кездегі орыстың қаруы бұдан әлдеқайда сапасыз болған. Жалпы саны 360 мыңдай шығарылған екен. Сол кезде біраз данасы қазақ дала­сына да жеткен болуы керек. Бақты­ғұл қас жауы Жарасбайды жартастан көз­­деп ататын бердеңкенің бұл түрі ұң­ғы­сы ұзын болғандықтан, алыс­тан тиеді.

Соңғы рет Ресей империясы оны Бірінші дүние­­жүзілік соғыста қолданған. 1916 жы­лы май­дандағы армиядан алынып, тыл­­дағы бөлімдерге таратылған көрі­неді.

Қазір мұндай бердеңкені кеңестік кинофильмдерде орманшылар мен партизандардың қолынан жиі көруге болады. Кейін олардың қалған даналары аңшылық қару ретінде сатылған. Бұл үшін мылтықтарды бытырамен атуға болатындай етіп зауыттық тәсілмен өзгерткен.

Сарапшылардың бағалауынша, аққайыңдық тұрғынның мылтығы ­30-жылдарға дейін өзгертілген.

Ал Аққайың тұрғынына отба­сылық мұрамен қош айтысуына тура келді. Өйткені мылтықты тір­келмеген қару ретінде полиция тәркілеп, әрі иесін әкімшілік жауап­кершілікке тартты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы