
Дәстүр • 24 Қаңтар, 2025
Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2025
Астана қаласында «Ұлы дала – 2024» жобасы аясында жеңімпаз деп танылған шетелдік қазақ ақын-жазушылар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағы.
Талбесік • 24 Қаңтар, 2025
Жағалтай (Falco subbuteo) – өз алдына біртекті құс. Оның жаратылысы лашынға ұқсайды. Бірақ лашыннан кішірек. Түс-реңіне байланысты: қара жағалтай, құба жағалтай, сұр жағалтай деп бөлінеді.
Руханият • 17 Қаңтар, 2025
Алғаш қолға қалам ұстап, жорналшы болуға қамданып жүрген 90-жылдары көпті көрген көнекөз бір қаламгер ұстазым «шығарма жазу үшін кейіпкеріңді дұрыс таңда. Кейіпкерің күшті болса, туынды жақсы жазылады», деген еді. Онымен қоймай қаламгер көкем «Абай жолы» эпопеясының күштілігі оның кейіпкері – ұлы Абай», деген-тін. Бұл пайым әрбір кез көкейімде жаңғырып тұрды.
Мирас • 17 Қаңтар, 2025
Ескі жазбаларда ғұн қосынында арнайы мергендер жасағы болғаны хақында айтылады. Тіпті оларды жаттықтыратын арнайы сардар тағайындалып, ол өз міндетін жарғы бойынша мүлтіксіз атқарып, толық сарапталған амал-тәсіл қолданған екен. Нәтижесінде, жауынгер-садақшылардың шеберлігі биік деңгейге жеткен.
Абай • 16 Қаңтар, 2025
Тәуелсіздік жылдары ұлт руханияты үшін атқарылған зор істің бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2013 жылы жарық көрген «Бабалар сөзі» жүзтомдығы. Осы кітаптың 96-томында «Ауызекі әңгімелер» топтастырылған. Онда дана Абайға қатысты оқиғалар бар екен.
Сұхбат • 15 Қаңтар, 2025
Қазақ құсбегілігін әлемге әйгілеген
Жуықта «Республикалық құсбегілік федерациясы» қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша Моңғолия Республикасына іссапармен барып, сол жақтағы байөлкелік құсбегілердің өнерімен танысып, біршама дерек жинап келген едік. Саятшылықтың қыр-сырына қанық қаншама мамандарға жолықтық. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнерін зерттеумен қатар, әрбір сәтін суретке түсіріп, әлемге әйгілеп жүрген Чойжилжавын Батзаяа атты азамат. Бұл жігіт өткен жылы «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фотоальбом шығарыпты. Альбом-кітаптың басты тақырыбы – Қобда өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақ құсбегілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрініс фотобейне және әңгіме-сұхбат форматында берілген. Мұндай кітап құсбегіліктің отаны біздің елімізде жоқ. Сапар барысында Ұлан-Батыр қаласында тұратын фото-суретшіге жолығып, сұхбаттастық.
Руханият • 14 Қаңтар, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған үлкен жазушы, қазақ әдебиетіне тарихи романдар желісін әкелген қайраткер-қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – эпикалық тынысының кеңдігімен, сюжет шеберлігімен, рухани серпінділігімен және өткен ғасырларда қазақ халқы бастан кешірген оқиғаларды көркем түрде суреттеуімен құнды. Яғни аталмыш туынды авторымен тағдырлас талантты жазушы Әнуар Әлімжановша айтсақ: «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше, қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің астанасы
Еліміздің мәдени өміріндегі жаңалықтың бірі – биыл мың бояулы мұнайлы өлке Маңғыстау облысының орталығы һәм республикадағы бірден-бір портты қала Ақтау шаһары «Түркі әлемінің мәдени астанасы» атанды. Бұл шешім өткен жылдың қараша айында Түрікменстанның астанасы Ашхабадта халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері бас қосқан 41-кеңес отырысында қабылданып, оған дейін аталған міндетті атқарып келген Түрікменстанның Әнеу қаласында жабылу рәсімі өтті.
Сұхбат • 30 Қараша, 2024
«Көшпелілер мәдениетінің ұстыны – жауынгерлік өнері»
Елорда төрінде ұйымдастырылған V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында өткізілген сайыстың бірі – «Жамбы ату» стилі. Бұған әлемнің 27 мемлекетінен келген 79 спортшы қатысты. Осылардың бірі – ат үстінде садақ атудан әлем чемпионы Алтан Нэргүй атты азамат. Бұл жігіт осы жолғы көшпелілер ойынында да олжалы болды. «Мажар» стилі бойынша өткізілген сайыста күміс медаль жеңіп алды. Таныса келе аңғарғанымыз, А.Нэргүй мырза тек мерген садақшы емес, ежелгі көшпелілер мәдениеті мен жауынгерлік өнерін зерттеп жүрген аса білімдар маман екен. Бұл жігіт 2011 жылы Ұлан-батыр қаласындағы Ұлттық университетті философия және дінтану мамандығы бойынша бітірген соң «Намнаа» («Садақ ату») атты клуб ашып, оны көшпелілердің қолданбалы өнері мен соғыс құралдарын зерттейтін академияға айналдырыпты. Өткен жылы ертедегі ғүн-түркі дәуірінен бастап, еуразиялық кеңістікте билік жүргізген Шыңғыс қаған ұлысы, одан кейін 1271-1368 жылдары өмір сүрген Юань империясы, 1368-1644 жылдары билік құрған Мин патшалығы, 1644-1912 жылдары ұлыс тізгінін шеңгелдеген Манжу-Цинь империясы тұстарында пайдаланған соғыс құралы – садақтың дамуы, жетілуі, өзгеру сатылары хақында зерттеп, көлемді кітап та жазған. Осы орайда танымал этнограф-зерттеушімен сұхбатты ұсынып отырмыз.