Үкімет • 22 Сәуір, 2023
Серік Жұманғарин ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты
20-21 сәуірде Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің екі күндік отырысының қорытындысы бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін сауда-экономикалық кедергілерді жою бағытында маңызды қадамдар жасалды. Отырыста мемлекеттік сатып алу, өзара сауда, техникалық және кедендік реттеу, өнеркәсіп, энергетика, халықаралық ынтымақтастық салаларындағы 35-тен астам мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Сәуір, 2023
Паралимпиадалық боччадан ел чемпионатына дайындық басталды
Қазақстан спортшылары боччадан ел чемпионатына қызу дайындықты бастап кетті. Бүгін Астанадағы Паралимпиадалық орталықта алғашқы алғашқы жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2023
«Түйе палуан» жеңімпазына Ұмра қажылығына жолдама тарту етілді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ораза айт мейрамына орай жамағат арасында «Түйе палуан» сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2023
Мемлекет меншігіне 891 мың гектар жер қайтарылды
Қазақстанда игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында құрылған комиссияның жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Сәуір, 2023
WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады
WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылады. Бұл функция жойылып бара жатқан хабарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Сәуір, 2023
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 7-тур ойындары басталады
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-туры басталады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2023
Қызылордада студенттерге заңсыз шәкіртақы аударған директор сотталды
Қызылордадағы колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 млн теңге шәкіртақы аударған директор жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2023
Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысы кейбір көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2023
Ақтөбеде аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Алға аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін істі болды. Ол жеке кәсіп ашқаны үшін 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Сәуір, 2023
Қазақстан боксшысы WBC белдігіне ие болды
Қазақстан боксшысы Дәулет Дәукенов 11-2, 5 КО) Чехияның Оломоуц қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.