Аймақтар • 07 Маусым, 2023

Петропавл тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл тұрғыны есірткінің ірі партиясымен ұсталды

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мичурин көшесінде синтетикалық есірткіні жасырын жерге салып жүрген 22 жастағы азаматты ұстады.

Жігіттен ұнтақ тәріздес затпен 36 полимерлік түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 21 түйіншекте мефедрон психобелсенді заты, 15 данасында «тұз» деп аталып жүрген α-PvP заты болған. Алынған заттардың жалпы салмағы 28,08 грамды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді.

«Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, орта есеппен бес есірткі таратушының төртеуі синтетикалық есірткімен айналысады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 297-бабының санкциясына сәйкес өткізу мақсатында есірткі сақтағаны үшін 10 жылға дейін, ірі мөлшерде – 12 жылға дейін, аса ірі мөлшерде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.