Ботакөз БАҚБЕРГЕН
Ботакөз БАҚБЕРГЕН«Egemen Qazaqstan»
9445 материал табылды

Қазақстан • 25 Маусым, 2024

Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады

ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс • 25 Маусым, 2024

Биыл 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық ел азаматын жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 24 Маусым, 2024

Астанада садақ атудан халықаралық турнир өтеді

27 маусымда басталатын «Астана Гран-приі» III халықаралық турнирі 3 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руханият • 24 Маусым, 2024

Түркітанушы ғалымдар Махмұд Қашқари мұрасын талқылады

Бүгін, 24 маусымда Қырғызстан астанасы Бішкекте «Түркі әлемінің ортақ мұрасы «Диуани лұғат-ат-түрктің» 950 жылдығы» атты халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шараны Түркі Академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.

Волонтер • 20 Маусым, 2024

Тасқын кезінде бірлік пен қамқорлықтың не екенін түсіндік - ақмолалық ерікті

Биылғы су тасқыны салдарынан елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бір жұдырықтай жұмылғаны біршама қайғылы оқиғаның алдын алды. Болары болды, тасыған су жерге сіңді, жан-жаққа ағызылды. Уақыт өте келе бәрі қалпына келетіні белгілі. Алайда халықтың кезекті «дағдарысқа» ұшырауы әп-сәтте естен кете қоймас. Баспанасыз, киім-кешек пен азықсыз, малы мен мүліксіз қалған азаматтарға керегі - жылулық.

Балалар • 19 Маусым, 2024

Биыл 400 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықты аяқтайды

Биыл 396 093 бала мектепке дейінгі дайындық ұйымдарын бітіріп, мектепке аттанады, деп жазады Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райы • 19 Маусым, 2024

Аптап ыстықтың беті қашан қайтады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбын • 19 Маусым, 2024

Жасөспірімді ажалдан құтқарған ұландықтар марапатталды

Бүгін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында жасөспірімді ажалдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды. Іс-шараға әскери бөлім командирі генерал-майор Аян Есжанов, «Ақ жол» ҚДП Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, Мәслихат депутаты Абзал Әбенов, партияның Жастар саясаты бойынша кеңесшісі Ұлан Құсайынов, Астана қаласының  Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов қатысты, деп жазады Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң • 19 Маусым, 2024

Қазақстанда несие алушылардың құқығын қорғауға бағытталған Заң күшіне енді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң • 19 Маусым, 2024

Президент энергетика саласын жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.