Фото: Тұрар Қазанғапов
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Олимпиаданың ширек финалында Герасименко Мысыр өкілі Омар Ассармен күш сынасты.
Алғашқы екі сетте Герасименко 11:8, 11:6 есебімен қарсыласын оңай жеңген. Үшінші кезеңді мысырлық теннисші озып кеткен. Бірақ отандасымыз есеп айырмасын қысқарта алды. Алайда, сол сетте жеңіс 12:10 есебімен қарсылас еншісінде қалды.
Мысырлық спортшы кейін де белсенділік танытып, 12:10 және 11:9 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, 3:2 есебімен жалпы есепте алға шықты.
Шешуші сетте Герасименко таразы басын теңестіре алмады. Ақыры қарсылас тарап 4:2 есебімен жеңіске жетті.