Қазақстан • 20 Мамыр, 2022
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қазақстандық өндірушілердің VI Ulttyq Ónim көрмесінде Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрғанын хабарлады. Олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «GAP» (Global Asar Project) тұтыну кооперативіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2022
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматы қаласында өткен саясаттанушылардың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Х Конгресіне қатысып, еліміз бен әлемде болып жатқан процестердің барлығын терең сараптаудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Мамыр, 2022
Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы көлік берілді
Бүгін жеңілдетілген автонесие арқылы көлік алған алғашқы клиенттің есімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе-Атырау тасжолында жол апаты болып, әйел адам мен оның қызы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2022
Мемлекет басшысы Серікқали Брекешевті қабылдады
Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Білім • 20 Мамыр, 2022
Қазақстан Аризона университетімен бірлесіп маман даярлайды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда 2025 жылға қарай кезең-кезеңімен жастарға техникалық және кәсіптік білім беру толығымен тегін болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2022
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды
2022 жылдың 17 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Мамыр, 2022
Түркі академиясы қазақ колөнеріне арналған екі кітап шығарады
23 мамыр күні елордада «Қазақ ою-өрнегінің Атласы», «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2022
«ҚазАвтоЖол» шұңқырларды жаңа технологиямен жөндейді
Республикалық маңызы бар көлік жолдарының ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жаңа технологияларды сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.