Қоғам • 21 Маусым, 2022

Елімізде балалар аяқкиімі қымбаттаған

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еnergyprom.kz мәліметіне қарағанда, бір жыл ішінде Қазақстанда аяқкиім бағасы 10%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде балалар аяқкиімі қымбаттаған

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқкиім шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13,3% аз.

Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр - 253,3 мың жұп аяқкиім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстары тұр.

«2022 жылдың бірінші тоқсанында отандық өндірушілер халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп аяқкиім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз», делінген ақпаратта.

2022 жылдың мамыр айындағы қорытындысы бойынша, аяқкиім бағасы 9,7%-ға өскен.

Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әртүрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен. Бір жыл ішінде балалар аяқкиімі 14,2%-ға, әйелдер аяқкиімі 8,8%-ға, ерлер аяқкиімі 7,9%-ға қымбаттады.