Ботакөз БАҚБЕРГЕН
Ботакөз БАҚБЕРГЕН«Egemen Qazaqstan»
9192 материал табылды

Тағайындау • 14 Сәуір, 2022

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспана кезегіне қою мерзімі қысқарады

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне қою 3 айға дейін қысқартылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Ләззат Сүлеймен балалар құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 14 Сәуір, 2022

Үкімет кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімі қысқарады

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы бойынша Премьер-Министр кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқарту шешімі қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 13 Сәуір, 2022

«Қазақстан халқына» қоры созылмалы аурулары бар балаларға көмек көрсетеді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсетеді. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Алматы тауларында жоғалған екінші адамның денесі табылды

Алматы тауларында орын алған көшкін кезінде хабар-ошарсыз кеткен екінші адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

«Алтын орда» базарында ірі заңбұзушылық анықталды

Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлім еткендей, Алматы қаласындағы «Алтын орда» базарының қызметін тексеру барысында 1 миллиард 600 миллион теңге көлеміндегі заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде жол апаты орын алып, медбике зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 13 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстарына қаражат төленеді

Қаңтар оқиғалары кезінде жазатайым қаза болған адамдардың туыстарына қаражат аударылады. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Маңғыстауды шаңды дауыл басты

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Маңғыстау облысын шаңды дауыл басты. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін аса қажеттіліксіз жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 13 Сәуір, 2022

Қазақстанда доллар қымбаттады

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 450,17 теңгені құрап, 0,54 теңгеге өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.