Руханият • 29 Қараша, 2019
Алматыда рухани жаңғыруға қатысты жобалар нәтижесінің таныстырылымы өтті
Алматы қаласындағы Smart Point коворкинг-орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттарын жүзеге асыру мақсатында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен есептік дөңгелек үстел өткізді.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Қыздар университеті сырқат сәбидің еміне қайырымдылық балын өткізді
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 75 жылдық мерейтойын сауапты іске арнады. Парасат пен тағылым мектебінің төл тарихындағы айтулы дата Úkili úmit атты қайырымдылық балының аясында өтті.
Қоғам • 29 Қараша, 2019
«Заң газеті» мен «Юридическая газета» 25 жылдығын атап өтті
«Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС құрамындағы «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдары өздерінің ширек ғасырлық мерейтойын атап өтті. Атаулы күнге орай «Заң» медиа-корпорациясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультеті бірлесіп «Қазақстанда құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы баспасөздің рөлі» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Әлем • 28 Қараша, 2019
Қазақ аруы Лондонда жүр – Мәдина Батық «Әлем аруы» байқауының үздік модельдері ондығына енді
Үлкен үмітпен үкілеп аттандырған «Қазақ аруы-2019» Мәдина Батық бұл күндері «Тұманды Альбионда» әлемдік деңгейдегі ақыл-парасат жарысына қосылып та кетті.
Медицина • 27 Қараша, 2019
Қараша айы еліміздің денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін талқылауда табысты болды десек те болады. Ал медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға қатысты айтулы оқиғалардың көпшілігі Алматыда өтті. Мегаполистегі «Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы әдістері» ХІ Халықаралық конгресі мен «Денсаулық сақтау ісіндегі инновациялар» халықаралық форумдары әлемнің айтулы көшбасшыларын тоғыстырды.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 47,3 миллиард теңге аударды
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында халықты емханаға тіркеу науқаны нәтижелерін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты кезінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев алматылықтар Медициналық сақтандыру Қорына 47,3 миллиард теңге аударғанын ресми түрде хабарлады.
Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Алматыда 9 мың адам емхана ауыстырды
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында халықты емханаға тіркеу науқаны нәтижелерін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Брифинг барысында мамандар биылғы тіркеу кампаниясының нәтижелері, тіркеу кампаниясына енгізілген жаңалықтар, емханаларда жаңа учаскелер ашу мәселелері жайлы жан-жақты мәлімет берді.
Спорт • 26 Қараша, 2019
Алматыда пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті
Алматыдағы «Атакент» ҚІЫО-да өткен пауэрлифтинг бойынша жарыста 250-ден астам спортшы арқаға штанга салып отырып-тұру, штанганы көлденең орындықта жатып көтеру мен штанга тарту тәрізді үш жаттығу бойынша бақ сынады.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
«Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуеті қандай?
Бүгінде елімізде 690 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Ал оның 90 мыңнан астамы бесіктен белі шықпаған сәбилер, балалар мен жасөспірімдер. Жыл сайын олардың қатарына жол апатынан, өндірісте, спортта жарымжан болып қалған 2 мыңдай адам қосылып отырады. Осыншама тағдырды керек-жарағымен қамтып, мұқтаждығын өтеп, мәселесін шешу үшін алдағы 2020 жылы әлеуметтік қызмет көрсету порталы іске кіріседі. Ендігі жерде «Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуетін ерекше күтімді қажет ететін жандар өз таңдауымен толық пайдалана ала ма?
Қазақстан • 25 Қараша, 2019
Алматыда Қыздар университетінің 75 жылдығы атап өтіледі
Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай 27 қараша күні мегаполисте дара оқу орнының мерейтойы кеңінен аталып өтпек. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.