Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Волонтерлерге де бақылау керек
Алматы сияқты құжынаған халқы бар қалада қилы тағдырмен тоғысқан алуан пиғылды адамдар кездесіп жатады. Мұқтаждыққа душар болған адамдар кейде қайыр тілеуге мәжбүр, қандай жағдай болса да садақа сұрауға ары жібермейтін жандар да жеткілікті. Мұндайда көмекке қайырымдылық ұйымдары келеді, қаражат жинауға волонтерлер қолұшын созады.
Алматы • 11 Қыркүйек, 2023
Алматыда алып сәби дүниеге келді
Егер жарық дүниенің есігін жаңа ашқан нәрестенің салмағы 4 килодан асса, онда ірі бала деп есептеледі. Аман-есен 5 килодан асқан сәби дүниеге келіп жатса, «алып бала» тудың деп қуанамыз. Ал енді Алматы қаласындағы №5 қалалық перзентханада алғаш рет салмағы 6 килодан асқан балпанақтай бала дүниеге келді.
Көрме • 07 Қыркүйек, 2023
Байқап отырсақ, ұлттық бейнелеу өнерінің небір майталмандары отбасы, әулет, тек тақырыбында тамаша туындылар қалдырған. Мәселен, Әбілхан Қастеевтің «Ана», Қанапия Телжановтың «Жамал», Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт», Гүлфайрус Исмаилованың «Отбасымен автопортрет», Жұмақын Қайрамбаевтың «Әке портреті» сынды туындылары – қайталанбас ен байлық.
Балалар • 07 Қыркүйек, 2023
Алматыда алып бала дүниеге келді
Жарық дүниенің есігін жаңа ашқан нәрестенің салмағы 4 келіден асатын болса, онда ол «ірі бала» деп есептеледі. Сирек те болса, аман-есен 5 келіден асқан сәби дүниеге келіп жатқанда, «алып бала» туды деп қуанамыз. Ал енді Алматы қаласындағы №5 қалалық перзентханада алғаш рет салмағы алты келіден асқан балпанақтай бала дүниеге келді.
Денсаулық • 07 Қыркүйек, 2023
Қант диабетіне шалдыққандар балалы бола ала ма?
Егер Сіз нәрестелі болуды қалағаныңызбен, қант диабетіне душар болсаңыз, осыған қарамастан өмірге сау бала әкеле аласыз. Алайда, кейбір дерттердің асқыну ықтималдығы бар екендігін білуіңіз керек. Осы мәселеге орай мамандар төмендегідей кеңес береді.
Туризм • 07 Қыркүйек, 2023
Экотуризм: Алакөл мен Балқаш аясы
Түптің түбінде алпыс екі тамырында көшпелінің ізі бар халқымыз жиһанкез ұлтқа айналатыны сөзсіз. Бүгінде әлемнің қай түкпіріне жолыңыз түссе де, саяхаттап жүрген қандасты кездестіресіз. Тіпті мәңгілік мұзды мекен – оңтүстік поляр аймағындағы Антарктидаға, дейін барған жерлестерімізді білеміз. Жарнамасы әбден келіскен, әлемнің басқа қиырындағы мекендерді бес саусағындай білетін отандастарымыз өз елінде де ертегідей жерлер бар екенінен бейхабар.
Қылмыс • 04 Қыркүйек, 2023
Интернеттегі алаяқтықтан қалай сақтанамыз?
Электрондық коммерция дамыған сайын интернеттегі алаяқтық қарқын алып қана тұрған жоқ, үйінде отырған адамды үптеп кетудің сан түрі пайда болып жатыр. Бұрын «сауда сақал сипағанша» еді, қазір сату да, сатып алу да интернеттегі байланыста болғанша ғана. Біз бұған дейін де ақпараттық технологиялардың арқасында айшылық алыс жерде тұрған тауарды үйіңізден шықпай-ақ сатып алуға болатыны, бірақ көрмей сатып алғанның жақсы жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар екендігі туралы мәселе көтергенбіз. Маркетплейстер жасанды, сапасыз заттарды қалай өткізіп жіберетіндігі туралы сөз қалғанда таяқтың бір ұшы интернет алаяқтыққа барып тиген еді.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Бақсақ, сапасына, мыңғырған санына, тіпті қай жылы салынғанына қарамастан тұрғын үйлердің құны қымбаттаумен келеді. Жаһанды жайлаған коронавирус індеті кезінде де баспана бағасы көтерілді.
Экономика • 29 Тамыз, 2023
«Қазақстанда жасалған» жобасы неге отандық өндірушілерді қорғай алмады?
Жақында Астанада Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде өткен кездесуде отандық азық-түлік өнімдерін өндіретін салалық одақтар өкілдері өз өнімдерін ел ішінде сатуда үлкен кедергіге тап болып отырғанын алға тартты. Себебі жергілікті сауда желілеріне импорттық тауарлармен жұмыс істеген тиімдірек, ал мемлекет сауда орталықтары мен гипермаркеттердің «коммерциялық тәбетін» қанағаттандыруға тіптен ұмтылмаған да деуге болады.
Медицина • 02 Тамыз, 2023
Алматыда скутерімен бірге көлік қағып кетіп, он күн бойы ес-түссіз жатқан жасөспірімді №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері екінші рет өмірге әкеліп, аяғынан тұрғызды. Сол сияқты қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген жатырында ісігі бар, жүктіліктің 13-14 апталығындағы науқасты көпбейінді дәрігерлер командасы құтқарып қалды. Тізе берсең, мұндай оқиғалар легі жеткілікті. Дегенмен осылардың ішінде Қазақстанда алғаш рет Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы бауыр обырын емдеудің химиоэмболизация әдісі енгізіліп, алғашқы операция жүзеге асқанын ілкімді оқиғалар қатарына жатқызуға болады.