Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2413 материал табылды

Алматы • 19 Ақпан, 2025

Алматыда заманауи бейнекамералар орнатылады

Алматыда жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен сараптама жасайтын жүйелер қарқынды түрде дамып келеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін жақсарта түсетін жұмыстар туралы Алматы қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дюсюков мәлімдеді.

Медицина • 18 Ақпан, 2025

Онкологтар 40-тан асқан ерлерді жүйелі тексеруден өтуге шақырды

Бүгін онколог мамандар Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде жасы қырықтан асқан ер адамдарды жүйелі түрде тексеруден өтіп тұруға үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Медицина • 18 Ақпан, 2025

Алматыда бедеулікті емдеудің жаңа әдістері енгізіледі

Бүгін Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде «Экомед» емханасының репродуктивті маманы Айгерим Ахметова 2025 жылы Алматыдағы «Экомед» адам репродуктивті емханасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) мен қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) тиімділігін арттыра алатын бедеулікті емдеудің жаңа әдістерін енгізетіні туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 13 Ақпан, 2025

TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмағандардың 1,9 миллион есептік жазбасын жойды

Бүгінде өзекті сипатқа ие болған Қауіпсіз интернет күні қарсаңында TikTok өкілдері отандық журналистермен кездесіп, 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғандықтан жойылған контент санын жариялады. Қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші платформа қолданушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне баулитын әрі қазақ тілді аудиторияға бағытталған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосқанын мәлімдеді.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды

Мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханасына сол жақ аяғының критикалық ишемиясына шалдыққан науқас шұғыл жеткізілді. Мамандар оны тексерген кезде сыртқы мықын артериясына ұласатын жалпы мықын артериясы субокклюзиясына душар болғанын анықтайды, демек  бұл тіндердегі қан айналымы әбден зақымданды деген сөз. Мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, өйткені, дер кезінде көрсетілмеген көмек науқастың аяғынан айрылуына себеп болатын еді.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2025

Алматыда заманауи Оқушылар үйі салынды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында бассейні бар, жаңа  Оқушылар үйі салынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Мәдениет • 30 Қаңтар, 2025

Театр ұжымы: ескі ғимарат қызметкерлер өміріне қауіп төндіріп тұр

Бүгін Алматыдағы Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының бас режиссері Ирина Симонова 80-ші жылдары салынған, мәдениет пен өнердің орталығы болған өнер ордасының  ғимараты қирау алдында тұрғанын, ешқашан күрделі жөндеу көрмегенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 30 Қаңтар, 2025

Кардиология және ішкі аурулар институты екінші рет жүрек алмастырды

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты екінші рет жүрек трансплантациясын сәтті атқарды. Алты сағатқа созылған аса күрделі операцияны University Medical Center-мен бірлесіп, белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 30 Қаңтар, 2025

Алматы метрополитені неге қоршауға алынды

Алматы қаласының метро бекеттерінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 29 Қаңтар, 2025

Байырғы мәдениет министрінің ғасырдан сыр тартқан кітабы жарыққа шықты

Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақ телевизиясының алғашқы бас режиссері, байырғы мәдениет министрі Ләйлә Ғалымжанованың ғасырлық мерейтойына орай жарыққа шыққан «Төрт дәптер» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.